ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

20:07, 8 маусым 2021

 

ДК: Аймақтағы экономикалық өсім байқалатын өңірлердің бірі - Целиноград ауданы. Жыл басынан бері өнеркәсіп өндірісінің көлемі - 13,5 миллиард теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 121 процентке артық. Сондай-ақ, бюджетке 1,4 милиард теңге салық түсті. Аймақтың өзге салаларында да айтарлықтай өзгеріс бар. Тілші бейнематериалында.

РКС: 4 ай ішінде шағын және орта кәсіпкерлік нысандар саны 21 процентке артып, 3956 субъектіні құрады. «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында құны 217 млн теңге тұратын 27 жоба жүзеге асырылды. Сондай-ақ қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы аясында 4 жоба іске асты. 

СНХ: БАХЫТБЕК ОСПАНБЕКОВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ///аударма// Жыл басынан бері ауыл шаруашылық өнімінен түскен пайда 8млрд теңге. Жылқы, қой, сиыр басы 2 проценттен 7 процентке артты. Сүт өндіру 4 процентке, яғни 12,3 тоннаны құрайды. Ауданның экономикасын дамыту мақсатында 19 млрд жуық инвестиция тартылды. Құрылыс саласы бойынша 87 мың шаршы метр үй салынды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында  Ақмол, Қосшы ауылдарындағы 90 отбасы баспаналы болды.

РКС: Сонымен қатар тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мәселесі жолға қойылған. Қазіргі таңда 26 ауыл орталықтандырылған сумен қамтылды. Алдағы уақытта тағы да 6 елді-мекенге тіршілік нәрі жеткізіледі.

СНХ: БАХЫТБЕК ОСПАНБЕКОВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ///аударма//  Еңбек бағдарламасы аясында 324 азамат жұмыспен қамтылды. Бүгінгі таңда ауданда кадр тапшылығы байқалмайды. Аз қамтылған отбасыдан шыққан 228 балаға әлеуметтік көмек көрсетілді. 139 білім беру мекемесіне бар жағдай жасалған. Ауданда 8 ауыцлдық мәдениет үйі, 15 кітапхана бар. 4 айдан бері 1200 онлайн мәдени жиын өткізілді.

РКС: Ең маңыздысы денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштер. Ауданда туу көрсеткіші 22, сәби өлімі 63 процентке кеміген. Туберкулез жұқтырғандар саны 18 процентке артқан. Бірінші мамырдағы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 538 адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алған.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...