ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

CЕНАТОРЛАР ЕҢБЕКАҚЫЛАРЫН ҚОРҒА АУДАРАДЫ

20:53, 19 наурыз 2020

 

Елде енгізілген төтенше жағдайға байланысты Сенат аппараты қызметкерлерінің 70 проценттен астамы үйден жұмыс істейді. Ал қалғандарына қысқартылған жұмыс күні белгіленді.

РКС: Мұны бүгін жоғарғы палатаның төрағасы Дариға Назарбаева мәлімдеді. Бұған қоса, төтенше жағдай кезінде барлық іссапар мен жоспарлы бұқаралық шараларға тыйым салынады. Жалпы және комитет отырыстарына шақыртылатын адамдардың санын шектеу де тапсырылды. Ал заң шығарушылық жұмыс жалғаса береді деді ол. Жиын барысында Сенат депутаттары мен аппарат қызметкерлерінің бір күндік жалақысын вируске қарсы күрес қорына аудару туралы ұсыныс жасалып, сенаторлардың қолдауын тапты.

СНХ: ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Бізге ертеңгі күнге сеніммен қарап, бойымыздағы үрей мен күдіктен арылу қажет. Әлем жұртшылығына «темір ханым» деп танылған Маргарет Тетчер: «Біздің қорқыныштың тоқсан пайызы ешқашан болмайтын нәрсе туралы» деген. Қазіргі таңда баршамыз бәрі жақсы болатыны туралы ойлап, жақсылықтан үміттенуіміз керек.  Біз талай сында шыныққан мықты халықпыз. Біз бәрін жеңеміз.

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИГЕРІЛМЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 502 МЫҢ ГЕКТАРҒА ДЕЙІН ҚЫСҚАРДЫ
19:48, 15 қыркүйек 2020
ИГЕРІЛМЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 502 МЫҢ ГЕКТА...
Толығырақ...
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
19:58, 16 қыркүйек 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...