ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ПӘНІ ЕНГІЗІЛДІ

18:01, 13 қазан 2021

 

ДК: 2022 жылдың қаңтар айынан бастап 1-сынып оқушыларына «Цифрлық сауаттылық» пәні енгізіледі. Мақсат – балдырғандарды смартфондар мен компьютерді тиімді пайдалануға үйрету. Тақырыптың жай-жапсарын тілшіміз Жансұлу Жиенқұл тарқатады.

РКС: Интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелері,ақпараттық гигиена тақырыптары. Мұның барлығы жаңа пәннің оқу бағдарламасында қамтылған. Сарапшылардың пайымынша, цифрлық сауаттылық бүгінде есеп пен жазу сынды негізгі дағдыға айналуы тиіс.

ИНФОГРАФИКА: ГҮЛМИРА КӘРІМОВА,  ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ КОМИТЕТ ТӨРАЙЫМЫ: Оқу бағдарламасы сұраныс пен уақыт талаптарына сәйкес болуы тиіс. Бүгінгі таңда цифрлық әлемнің қарқынды дамып жатқанын көріп отырмыз. Қазір смартфондар мен компьютерлерді мектепке дейінгі кіші жастағы балалар пайдаланып жатады. Цифрлық сауаттылық – оқу мен жазу сияқты негізгі дағдылардың біріне айналып келеді. Сондықтан балаларды цифрлық сауаттылық және ақпараттық қауіпсіздік негіздеріне мүмкіндігінше ертерек үйрету маңызды. Әлбетте, жаңа пәнді оқыту барысында балалардың жас ерекшеліктері де ескерілетін болады.

СНХ: ӘСЕМГҮЛ СҮЛЕЙМЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: 3-тоқсаннан бастап облыстағы мектеп табалдырығын аттаған 15 мың оқушы «цифрлық сауаттылық» пәнін  оқиды. Жалпы бұл бастама балалардың ерте жастан жаңа технологияларды сауатты меңгеруіне, сонымен қатар, қауіпсіздік мәселесін де қатар түсінуіне жағдай жасайды.

РКС: Оқушыларға сапалы білім беру үшін сала мамандары арнайы дайындықтан өтіп жатыр. Кітаппен жасақтау үшін облыстық бюджеттен 25 миллион теңге бөлінген.  Бүгінде халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі 76,2 процентті  құрайды.  Ал толық нәтижеге жету үшін біраз уақыт қажет.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...