
ДИКТОР: Ақмола облысында үш жеке кәсіпкер үш компонентті интеграцияланған жүйеге көшті. Ал Көкшетауда әзірге бір кәсіпкер осындай жүйені орнатқан. Бағдарламаның артықшылықтары туралы толығырақ келесі материалда.
РКС: Үш компонентті интеграцияланған жүйе деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден, сондай-ақ сауданы басқаруды автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан тұрады.
СНХ: АЙГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ: Біз бұл бағдарламаны оңайлатылған декларация бойынша арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлерге ұсынамыз. Жұмыс өте оңай. Ол үшін Мемлекеттік кірістер сайтына кіріп, бағдарламаны әзірлеушілермен байланысып, содан кейін тіркелу керек.
РКС: Жеке кәсіпкерлер үшін үш компонентті интеграцияланған жүйенің басты артықшылығы-қол жетімділік, ыңғайлылық және пайдалану жеңілдігі. Бұл бағдарламаның жұмысы интернет арқылы жүзеге асырылады. Көкшетау қаласындағы стоматологиялық клиникалардың бірі осындай жүйені орнатты..
СНХ: АЛИНА ҚАСЕНОВА, КОМПАНИЯ БУХГАЛТЕРІ: Мен бұл туралы салық кодексінен оқып, білдім. Мемлекеттік кірістер басқармасына бірнеше рет жүгіндім. Маған осы жүйеге қосылуды ұсынды. Біз басқа салық режиміне барғымыз келмеді. Салық салудың жеңілдетілген түрі біз үшін өте ыңғайлы.
РКС: Бұл жүйе жеке кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін есепке алуды және орындауды жеңілдетуге арналған.
АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, АЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АМИР ҚОЙШЫБАЕВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ