ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

COVID-19. КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАЙТЫЛДЫ

17:39, 9 сәуір 2021

ДК: Еліміз бойынша эпиджағдай шиеленісіп барады. Ақмола облысы әлі де «қызыл» аймақта. Қазақстандықтар карантиндік талаптарды елемей келеді. Соңғы аптада инфекция жұқтырғандардың саны 1,6 есеге өсті.

РКС: «Қызыл» тізімге Ақкөл, Астрахан, Аршалы, Бурабай, Жарқайың, Ерейментау, Шортанды, Целиноград аудандары мен Степногорск қаласы кіреді. Қазір облыста вакцинациялауға байланысты жұмыс белсенді жүріп жатыр. Ұжымдарға баратын 180 екпе жасайтын бригада дайындалды. «RIO» ойын-сауық орталығында жылжымалы екпе пункті ашылды. Бір аптада  425 адамға вакцина егілді.  

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ ///аударма/// Кез келген адам өз еркімен вакцина ала алады. Ол үшін кезекпен емханаға баруға болады. Сондай-ақ учаскелік дәрігерге қоңырау шалып, вакцинация алудың уақытын келісуге болады. Ал қазір Үкімет «EGOV» порталы арқылы жаңа қызметті іске қосты. Өтінім бергеннен кейін, ол тұрғылықты мекенжайы бойынша медицина ұйымына түседі. Олар сосын өтінімді қарастырады. Оны өтінім беруші  электронды үкімет порталында баратын күні мен уақытын, екпе алатын мекенжайын көреді.  

РКС: Мониторингтік топтың жұмысы тұрғындардың әлі де болса карантин талаптарын ескермейтінін көрсетіп отыр. Ай басталғалы 12 заң бұзушылық дерегі тіркелді. Еске сала кетейік, шектеу шаралары осы демалыс күндері күшейтіледі.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ ///аударма/// Бүгінгі күні мәдени нысандар, кинотеатрлар, концерт залдарының жұмысы тоқтап тұр. Тұрақты емес қалалық және аймақаралық туристік қозғалыс шектелді. Азық-түлік базарлары ғана сенбі мен жексенбіде жұмыс істейді. Қалғандарының бәрі уақытша жұмысын тоқтатады. Тек сауда үйлерінің ішіндегі супермаркеттер, дәріханаларға ғана жұмыс істеуге рұқсат етіліп отыр.

РКС: Бірнеше күннен кейін қасиетті Рамазан айы басталады. Облыстың санитарлық бас дәрігері Ақмола өңірінің тұрғындарын шектеу шараларын қатаң сақтауға шақырады. Ауызашарды тек отбасы, ошақ қасында ғана өткізуге рұқсат етіледі. Діни орындарға барған кезде арақашықтық пен маска режимін сақтау керектігі айтылды.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...