ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

COVID-19. ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАМҚОРЛЫҒЫ

21:10, 22 мамыр 2020

 

ДИКТОР:  Ерекше акция. Ақмолалық полицейлер Көкшетау тұрғындарына тегін медициналық маскалар үлестірді. Тәртіп сақшылары орталық базар, саябақ аумағында, сондай-ақ көшелерде тұрғындарға карантин уақытындағы сақтық шараларын ескертіп, қорғаныс құралдарын ұсынды. Балалар мен зейнеткерлерге басымдық берілді.

 

 

ДИКТОР  ВИДЕОМЕН: Осылайша, тәртіп сақшылары ауқымды профилактикалық іс-шара өткізіп отыр. Қоғамдық орындарда маска кимеген азаматтарға қамқорлық көрсетіліп, медициналық қорғаныс маскалары үлестірілді. Тұрғындар полицейлердің ізгі бастамасына алғыс білдіріп, сақтық шараларын естен шығармауға келісті.

 

СНХ: АЛТЫНБЕК ТӘКЕНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ ВЗВОД КОМАНДИРІ///(аударма)/// Карантин мерзімінде тұрғындар маска киюге дағдыланған. Ал қорғаныс құралын ұмыт қалдырған тұрғындарға тәртіп сақшылары түсіндіру, қауіпсіздік шараларын насихаттау мақсатындағы сұхбат жүргізді. Сонымен қатар, медициналық маскалар ұсынылды. Біз азаматтарды сақтық шараларын ұстануға, жеке қорғаныс талаптарын орындауға шақырамыз. Азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірі - біз үшін басты құндылық.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша «Көкше ақпаратқа» дайындаған Ауғанбек Манарбекұлы, Шыңғыс Жүсіпов.

Тақырып бойынша материалдар

15:11, 31 мамыр 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ЭКСПОРТТАУ МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...