ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ДАРЫНДЫ АҚМОЛА ЖАСТАРЫ ҮШІН ЖАҢА АЛАҢ ҚҰРЫЛДЫ

20:10, 30 шілде 2021

 

ДК: Облыстық жастар ресурстық орталығы жанынан «Тәуелсіздіктің құрдастары» атты жаңа онлайн бағдарлама ашылды. Жоба аясында Ақмола облысының дарынды, белсенді, табысты жастары көпшілік назарына ұсынылады.

СНХ: ДАСТАН ЕРМЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ СТУДЕНТТЕР АЛЬЯНСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Біз Instagram әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирлер өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл жобаның мақсаты – өзіңіз туралы, немен айналысасыз, қандай жетістіктеріңіз бар сол жайлы ақпарат беру. Олардың көпшілігі кітап жазады, біреулер волонтерлар ұйымын басқарады, кейбірі – мемлекеттік қызметші.

РКС: 12 тамызда Студенттер Альянсы өңірдің курорттық аймақтарының аумағында онлайн, сондай-ақ офлайн-форум өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шараға Жастар ресурстық орталықтарының жетекшілері мен Ақмола облысының волонтерлары қатысады.

СНХ: АЙЖАН ҚҰСАЙЫНОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ: Тәуелсіздік жылдары еліміз көп нәрсеге қол жеткізді. Экономикадағы тұрақтылық туралы айтпай кету мүмкін емес. 30 жыл ішінде елімізді әлем мойындайтындай танымал мемлекетке айналдық. Талантты жастар өте көп.  Жылдан жылға әлемдік аренада өте жоғары табыстарға қол жеткізіп келеді. Біздің еліміз үшін талантты жастардың рөлі ерекше деп санаймын. Мен «Аманат» волонтерлар орталығының негізін қалаушымын.  Оның құрылғанына 2 жыл болды. Осы уақыт ішінде біздің орталық жоғары нәтижелер көрсетті. Еліміздегі тұрақтылық, бейбітшілікті, келісімді жоғары бағалаймын.  

РКС: «Аманат» волонтерлік орталығы жастар ресурстық орталықтарымен, жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Бұл орталықтың мүшелері  - Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен аталған оқу орны жанындағы колледжінің студенттері. Орталық базасында «Жақсылық жаса» және «Табыс баспалдақтары» атты әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асырылмақ.  

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, АБЫЛАЙ БАЛТАБАЕВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ӘНУАР НЫҒМЕТЖАН, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...