ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚАТАҢ КАРАНТИН САҚТАЛАДЫ

20:00, 14 тамыз 2020

Ж: Келесі аптадан бастап елде карантин шаралары жеңілдейді. Бірақ демалыс күндері шектеу сақталады. Өйткені, вирустан әлі қауіп көп. Сондықтан, қатаң сақтық керек. Ал қазіргі шектеу бизнеске оңай тимей тұр. Тіпті көбі банкрот болудың алдында тұр. Бұл туралы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы айтты.

ЗКТ: 1,5 айға созылған карантин дүйсенбіден бастап жеңілдейді. Бірақ, локдаун бірден емес, біртіндеп алынады. Әзірге демалыс күндері шектеулер сақталады. Яғни, адамдар көп шоғырланатын орындардың жұмыс істеуіне рұқсат жоқ.  Вирус сақтансаң ғана саябырсиды.

СНХ:  АЙЖАН ЕСМАҒАМБЕТОВА ҚР БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ: /аударма/ Инфекцияның таралуына басты себеп не? Ол - адамдардың қарым-қатынасы. Өздеріңіз жақсы білесіздер, демалыс күндері халықтың жүріс-тұрысы, қарым-қатынасы көбейеді. Мұндай кезде вирусты да өршітіп алуымыз мүмкін. Ал елімізде қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен бастап, коронавирустың тәуліктік өсімі 0,5 пайызға дейін төмендеді.

ЗКТ: Карантинге байланысты 1 млн 300 мың адамға жұмыс беріп отырған 830 мың бизнес тұралаған. Көбінің қызметі 3 күннен кейін жанданады. Дегенмен, бірқатары әлі де іске кірісе алмайды. Оларға жәрдемақы беру мәселесі қарастырылып жатыр. Ұсыныс енді енгізілмек.

СНХ:   ЭЛДАР ЖҰМАҒАЗИЕВ «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 00. 49.57. Банкроттың алдында тұрған мекемелер көп. шынын айту керек. 42500 теңгенің беруге байланысты ұсынысты дайындап беріп жатырмыз. Алдында өздеріңіз білесіздер, төтенше жағдай кезінде берілмейді деген ақпарат болды. Одан соң берді. Қазір де ұсыныс беруге дайынбыз. Бірақ тағы да айтып кетем. Рұқсат берілген бизнес түрлерінің саны көбейді. Осыған байланысты есептеп шығарып береміз.

ЗКТ: Індетке қарсы вакцина шығатын болса, онда алдымен қарттар мен дәрігерлер қамтылады. Өйткені, 60 жастан асқан созылмалы ауруы бар адамдарға коронавирус өте қауіпті. Сол себептен осы топтағыларға басымдық бірінші беріледі. Қазір министрлік қауіпсіз әрі тиімді вакцинаны күтіп отыр. Әлемде коронавирус инфекциясына қарсы 166 екпе әзірленіп жатыр. Дені клиникаға дейінгі тестілеу кезеңінде. Ал алдыңғы шепте жүріп, дертті жұқтырған 500 медицина қызметкеріне өтемақы төленді. Оларға 2 млн теңгеден берілді. АН ҚҒ ҚҰА

 

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...