ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 400 АДАМ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ Толығырақ

ДЕНІ САУ ҰРПАҚ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

20:01, 15 қазан 2021

 

ДИКТОР: Ақмола облысында бұқаралық спортты дамытуға көп көңіл бөлінуде. Жыл сайын жаңа спорт нысандары, стадиондар, денешынықтыру кешендері салынып жатыр.

РКС: «Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ». Бұл Степногорск қаласында орналасқан Бөгенбай батыр атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты ұжымының ту қылып көтерген ұраны. Орталықта спортпен шұғылдану үшін тұрғындарға барлық жағдай жасалған. Салауатты өмір салтын ұстанам деген адамға бұл үлкен мүмкіндік.

СНХ: НҰРЛАН БЕГЕНБАЕВ, БӨГЕНБАЙ БАТЫР АТЫНДАҒЫ  ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТЫҢ БАПКЕРІ: Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде биік белестерге көтерілді. Елдің атын шығаратын спортшылар тәрбиеленіп жатыр. Олардың өсіп-жетіліп, жан-жақты дайындалуы үшін осындай залдар ашылды. Біздер үшін де бұл жерде бәрі ыңғайлы. Бірінші қабаттан бастап барлық жағдай қарастырылған, ешқандай проблема жоқ. Спортпен шұғылдану үшін барлық мүмкіндік ойластырылған.

РКС:  Соңғы жылдары бұқаралық спортты дамыту қарқын алып келеді.Ел намысын әртүрлі деңгейдегі турнирлерде лайықты қорғап жүрген өрендер болашақта зор үміт күттіруде.

СНХ: БАУЫРЖАН САТҚАНОВ, БӨГЕНБАЙ БАТЫР АТЫНДАҒЫ  ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТЫҢ  ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ: Грек-рим күресіне 5 сыныптан бастап қатысамын. Көптеген сайыстарда жүлделі орын алдым. «Бекболат Тұрлыханов» облыстық грек-рим күресінен  турнирінен жүлделі орын алдым.Мен сабақтан кейін күнде осы спорт залда жаттығамын.

РКС: Мемлекет болашақ жастар үшін спортты дамытуға үлкен мән беруде.Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде Қазақстанымыздың көк туы желбіреп, әнұранымыз әлем төрінде сан мәрте шырқалды.Спорттың арқасында елімізді барша әлем жұршылығы танитыны рас. 

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ДАСТАН БОЛАТОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ  ӨСЕДІ
17:50, 19 тамыз 2022
МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
19:07, 15 тамыз 2022
ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
Толығырақ...