ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ДЕПУТАТТАР КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

19:07, 3 маусым 2022

ДК: Бір айға жуық ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері  - Асқарбек Үйсімбаев,  Юлия Кучинская, Мәди Елубаев пен Марат Құсайынов Ақмола облысының аудандарында болып, халықпен кездесу өткізді.

РКС: Мәжілісмендер сапарының басты мақсаты  - Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумды түсіндіру, қолдау. Яғни депутаттар 43 ауылды елді мекенге барып, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді

СНХ: АСҚАРБЕК ҮЙСІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:  Референдум ең бірінші мәселе жемқорлықты жою болып отыр. Президенттің маңайында жақын туыстары істемегенін халық жақсы қабылдап жатыр. Өте дұрыс нәрсе. Енді біреу бір жерге қызметке келсе, командамен келеді. Ол керек емес деп жатыр. Ол да дұрыс. Басшы барған жерінде жергілікті адамдармен жұмыс істеуі керек қой.

РКС: Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының соңғы күнінде халық қалаулылары 300-ден аса жұмыскері бар «Көкшетау минералды сулары» зауытының ұжымымен кездесті.

СНХ: ЖЕҢІС ТҰРАН, «КӨКШЕТАУ МИНЕРАЛДЫ СУЛАРЫ» КӘСІПОРНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Мына енді референдумарды айтып жатыр ғой. Депутаттарды өзіміз таңдап аламыз деп. Сол дұрыс деп ойлаймын. Неге десеңіз, өзіміз таңдап алатын депутат ол жақсы ғой. Ал халыққа ұнамаса онда алып тастауға болады.

РКС: Мәжілісмендер бұған дейін 4000 тұрғынды қамти отырып, 200-ге жуық көшпелі кездесу өткізді.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...