ШҰҒЫЛ! ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚАТАҢ КАРАНТИН САҚТАЛАДЫ Толығырақ

ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ШЕШІМІН ТАПТЫ

20:10, 7 шілде 2020

ДК: ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ел аумағындағы дәрі-дәрмек тапшылығы шешімін тапты  деп мәлімдеді. Министр дәрі-дәрмек жеткізуге кедергі болған түйткілдер толық жойылып, медикаменттер жуық арада қоймалардан дәріханаларға жеткізілетіндігін айтуда.  Дәрі-дәрмек тапшылығын ақмолалықтар да сезінді. Өңірде вирусқа қарсы және дене қызуын түсіруге арналған дәрілер жетіспейді. Жағдайды бақылауға алу мақсатында облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау депакртаменті, полиция қызметкерлері мен әкімдік мамандарынан мониторингтік топ құрылды.

 

Интершум.

РКС: Өңір тұрғындарының жаппай дәріханаға лап қойғаны дәрі-дәрмек тапшылығын тудырып отыр. Әлеуметтік желілерде жағдайды бас пайдасына қолданып, бағаны аспандатқандар да әшкереленіп жатыр. Медикаменттер нарығын бағалау мақсатында облыс аумағында арнайы мониторингтік топ қызмет атқаруда. Олар күн сайын 41 медикамент бойынша өңір дәріханаларына рейд жүргізуде.  

СНХ: АНДРЕЙ ПОДГУРСКИЙ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ///  Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің №86-шы қаулысына сәйкес 6-шы шілдеден бастап мобильді топ қала аумағында қызметін бастады. Күндізгі және кешкі уақытта дәріханаларға рейдтер жүргізілуде. Басты мақсатымыз қала тұрғындары мен кәсіпкеерлік өкілдеріне санитарлық талаптарды сақтауды ескерту. Бағаның өсуіне жол бермеу.

РКС: Дәрінің бекітілген бағасын білу, оның өзге баламалары мен қолданылуы тәрізді пайдалы ақпаратты «Дәрі.кз» мобильді қосымшасы арқылы білуге болады. Сондай-ақ, қандай да бір дәрі-дәрмек бағасының шамадан тыс қымбаттауына немесе өзге талаптардың сақталмауына куә болсаңыз, «Дәрі.кз»-те шағым қалдыра аласыз.

СНХ: ЛЮДМИЛА ВДОВИНА, ФАРМАЦЕВТИКА ИНСПЕКТОРЫ/// Өңір тұрғындарын дәрі-дәрмек сатып алғанда оның бағасына назар аударуға шақырамыз. Медикаменттердің шекті бағасын «Дәрі.кз» мобильді қосымшасы арқылы біле аласыз. Бағаның негізсіз қымбаттауы анықталған жағдайда қосымша арқылы бірден шағым қалдыруға немесе біздің мекемеге арыз жазуға болады. Әзірге облыс аумағында дәрі бағасының қымбаттауы анықталған жоқ.

РКС: Мамандар қала дәріханаларында сұранысы жоғары 41 дәрінің тек 50 пайызы ғана бар екенін айтады. Сондай-ақ, короновируспен күреске байланысты дәрігер кеңесіне мұқтаж тұрғындар 72-16-18 нөмірі арқылы маман көмегіне жүгіне алады. Олбыс әкімдігінің өкілдері өңірдегі дәрі-дәрмек тапшылығы жуық арада шешім табады деп отыр.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА 120 ТОННА АНТИСЕПТИК ШЫҒАРЫЛҒАН
20:05, 14 тамыз 2020
КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА 120 ТОННА АНТИСЕПТИК ШЫҒАРЫЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙ КҮНІ – ПАРАСАТ ПЕН ДАНАЛЫҚ МЕЙРАМЫ
20:02, 10 тамыз 2020
АБАЙ КҮНІ – ПАРАСАТ ПЕН ДАНАЛЫҚ МЕЙРАМЫ
Толығырақ...
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АБАЙ – РУХАНИ РЕФОРМАТОР»
19:56, 10 тамыз 2020
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АБАЙ – РУХАНИ РЕФОРМАТОР...
Толығырақ...