ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

21:46, 18 маусым 2021

ДК: Медицина саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Ел егемендігін алған тұста осы саланың жандануына айрықша үлес қосқан ақ халаттылардың еңбегі орасан. Медицина қызметкерлерінің қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған шарада шаһар басшысы Бауыржан Ғайса сол еңбекті ерекше атап өтті. Қала әкімі сала ардагерлері мен бүгінгі күні қажырлы қызмет атқарып жүрген дәрігерлерді марапаттады.

РКС: Жергілікті медицина саласының өркендеуне Болат Жанәділов өзінің сүбелі үлесін қосты. Ол өзінің жарты ғасырдан астам ғибратты ғұмырын осы салаға арнады. Білікті дәрігер көптеген лауызымды міндеттерді абыроймен атқара білді. Мейрам қарсаңында ардагер дәрігердің осы елеулі еңбегі ескерусіз қалмады.

СНХ: БОЛАТ ЖАНӘДІЛОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ///қазақша Әрине, алғаш кезде өте қиын жағдай болды. Мәселен, ауруханаға келген науқастар өзімен төсек орнын ала келетін. Ыдыс-аяғын, тіптен дәрісін ала келетін. Ол кезде дәрінің тапшылығы болды. Десе де сол қиын кезеңді медицина қызметкерлері абыроймен өтті. Халықтан көмегін аямады. Ал, осы тәуелсіздіктің 30 жылында медицина саласы үлкен жетістікке жетті.

РКС: Қала әкімі жергілікті медицина саласының мамандарының жұмысын жоғары бағалады. Ақжарма тілегін жеткізіп, толағай табыс тіледі.

СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ//қазақша, есть рус/// Құрметті ақ халатты абзал жандар. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Сіздер өздеріңізді асыл және жауапты іске арнап, адамдарға ертеңгі күнге деген сенім бересіздер. Сіздердің адал және батылдықпен жасаған медициналық қызметтің құрметін арттырып келеді.

РКС: Иә, салтанатты шараға қатысқан дәрігерлердің бәріне кәде сыйлар мен бағалы сыйлықтар үлестірілді. Шара концерттік бағдарламаға ұласты.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ДАРХАН САҒЫН, БЕРІК МАНАП, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...