ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ Толығырақ

ДӘРІГЕРЛЕР БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

13:08, 22 ақпан 2021

ДК:Жергілікті медицина қызметкерлері баспаналы болды. Жақсы ауданында дәрігерлерге арналған сегіз пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Яғни, аурухананың ескі ғимараты заман талабына сай жөнделіп, ақ халатты абзал жандардың жылы ошағына айналды. 10 жылға жуық қабырғасы қаңырап бос тұрған нысанды қалыпқа келтіруге облыстық қазынадан 106 млн теңге қаржы бөлінген.

РКС: Баспаналы болған жас дәрігерлердің дені «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы арқылы келген. Солардың бірі  - Динара Дәулетбекова. Жас маман 2019 жылы Көкшетаудағы медициналық колледжді тәмамдап,бірден Жақсы аудандық ауруханасына жұмысқа орналасқан. Міне, араға бір жарым жыл салып жаңа пәтерге қол жеткізіп отыр.

СНХ: ДИНАРА ДӘУЛЕТБЕКОВА, ДӘРІГЕР//аударма///Алғашында пәтер жалдап тұрдым. Қазір өзімнің жеке баспанам бар. Өте қуаныштымын. Үй өте жылы, жайлы. Жас мамандарға осындай жағдай жасап жатқанына қуаныштымын.

РКС: Осылайша, қауіпті кеселмен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге мемлекет тарапынан айырықша қолдау көрсетілуде. Оның айқын дәлелі, былтыр облыс бойынша 69 дәрігер қоныс тойын тойлаған. Соның 8-і осы Жақсы ауданына тиесілі. Ал, жалпы аудан бойынша да құрылыс жұмыстары қарқын алған. Биыл олар 3 тұрғын үй кешенін салуды көздейді.

СНХ: ДӘУЛЕТ ҚОСШЫҒҰЛОВ, АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ///аударма///Құрылыстың жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Оның бірі 18, екеуі 27 пәтерлі болмақ. Барлық қажетті құжаттар облыстық құрылыс басқармасына жіберілді. Қаржы бөлініп жатса, бірден жұмысты бастаймыз.

РКС: Ал, осы үйлер 3 санат бойынша кезекте тұрған тұрғындарға үлестірілмек. Оның ішінде көпбалалы отбасылар басты назарда. Осылайша, жыл соңына дейін аудан бойынша өзекті болып тұрған баспана мәселесі біртіндеп шешімін табады,-дейді мамандар.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН БЕКІТІЛЕДІ
19:40, 2 наурыз 2021
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН БЕКІТІЛЕДІ
Толығырақ...
МЕКТЕП: САНИТАРЛЫҚ САҚТЫҚ ҮШІН 70 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
19:39, 2 наурыз 2021
МЕКТЕП: САНИТАРЛЫҚ САҚТЫҚ ҮШІН 70 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
18:39, 2 наурыз 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕГІ ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
20:25, 24 ақпан 2021
ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕГІ ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...