ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ДӘРІГЕРЛЕР СПОРТТЫҢ ТҮРІНЕН СЫНҒА ТҮСТІ

14:06, 7 шілде 2021

ДИКТОР: Бурабай ауданында медицина қызметкерлерінің арасында «Денсаулық» облыстық спартакиадасы өтті. Бұл спартакиада облыс көлемінде 2-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Жарысқа 22 медициналық ұйым, 300-ге жуық медицина қызметкері қатысты.

РКС: Спартакиада «Сенім» медицина қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен өткізілді. Медицина ұйымдарының арасындағы спартакиаданың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері арасында үздік спортшыларды анықтау.

СНХ: СЕРІК КӘКЕНОВ,   «SENIM»  МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Медицина мен спорт – біртұтас. +++Спорт – денсаулық кепілі. Мен ыстық ауа-райына қарамастан келіп, спартакиадаға қатысып жатқан медицина қызметкерлеріне алғысым шексіз. Бүгінде медицина қызметкерлерінің толықтай дерлік вакцина қабылдағанын пайдалана отырып, осындай спорттық жарыс өткізіп жатырмыз.

РКС: Спорт – адам өмірінің ажырамас бөлігі екені белгілі. Дене шынықтыру және спорт иммундық жүйені нығайтып, түрлі аурулардан сақтануға мүмкіндік береді дейді медицина қызметкерлері. Жарысқа қатысушылар тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шағын футбол, шахмат, волейбол спорт түрлерінен бақ сынады.

СНХ: БАЯН ЫСҚАҚОВА, «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ОРТАЛЫҒЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Өткен жылы коронавирусқа байланысты спартакиада ұйымдастырылған жоқ. +++ «Егер адам талантты болса, онда ол барлық жағынан талантты» деген бар. Медицина қызметкерлері де жан-жақты болуы керек. Көптеген медицина қызметкерлері кәсіби спортпен айналысады, белгілі бір спорттық дәрежелері де бар.

РКС: Екі күнге созылған жарыста денсаулық сақтау қызметкерлері әдемі ойын өрнегін көрсете білді. Спартакиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталып, ақшалай сертификаттар табыс етілді. Жалпыкомандалық есепте Көкшетау қалалық емханасының қызметкерлері топ жарды.

МАДИНА ҚАДЫРБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...