ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

19:24, 17 маусым 2021

ДК: 20 маусым – медицина қызметкерлері күні. Айтулы мейрам әр жыл сайын маусым айының 3-ші жексенбісі күні аталып өтіледі. Жылдағы дәстүрден жаңылмай, осы жылы да жергілікті ақ халатты абзал жандарға ерекше құрмет көрсетілді. Мейрам қарсаңында дәрігерлердің қажырлы еңбектері бағаланып, төсбелгі және алғыс хаттармен марапатталды. Салтанатты шараға өңір басшысы Ермек Маржықпаев арнайы қатысып, медицина мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, саладағы толағай табыстарға тоқталып, бағындырған межелерді атап өтті.

РКС: Марапатталған мейірлі жанның бірі – Бейбіт Еркетайқызы. Ол Целиноград ауданына қарасты Жалғызқұдық ауылдық емханасының медбикесі. Ақ халаттты абзал жан осы салаға өзінің 40 жылын арнаған. Дәрігердің қажырлы еңбегі мен төккен тері мейрам қарсаңында тағы бір мәрте бағаланып, «Еңбек ардагері» деген төсбелгімен марапатталды.

СНХ: БЕЙБІТ ОСПАНОВА, МЕДБИКЕ///Мен адамдарға көмектескім келеді. Қолымнан келген көмекті аямауға тырысамын. Осы салаға келген кезіме өкінген кезім болған жоқ. Қазір жұмыс істеу қиын емес. Өйткені, компьютер деген бар. Көптеген жаңашылдықтар енгізілді.

РКС: Адам өміріне араша түсіп, жанын аямай жанкештілік жұмыс істейтін дәрігерлердің еңбегі орасан. Ал, қазіргі пандемия уақытында олардың жұмысы тіптен еселене түсті. Дерттің дендеуіне байланысты дәрігерлер күн-түн демей індетпен күресті. Әлі де күресіп жатыр. Өкінішке орай,  қауіпті кеселдің ілмегіне түсіп, көз жұмған медицина мамандары да жоқ емес. Салтанатты шара барысында сол ақ халатты абзал жандар еске алынып, ерекше құрмет көрсетілді.

СНХ: ӘСИЯ БУДЕШЕВА, МЕДБИКЕ///аударма//  Пандемия енді басталған тұста қорқыныш қатты болды. Біз барынша сақтандық. Өзіміз үшін емес, ең алдымен жақындарымыз, туған-туыстарымыз үшін қорғандық. Бұл дерт аяқ астынан келіп бәрін әбігерге салғаны жасырын емес.  Қазір енді етіміз, көзіміз үйренді ғой. Біз барымызды салып күресіп жатырмыз.

РКС: Бүгінде облыс бойынша 1459 дәрігер және 5338 медбике жұмыс істейді. Десе де, салада кадр тапшылығы әлі де сезіледі. Мәселен, қазіргі таңда аймақта 300-ге тарта білікті медицина маманы жетіспейді. Осы мәселенің алдын алуға бағытталған бірқатар шараны облыс әкімі шара барысында тілге тиек етті.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///қазақша///Бүгінгі негізгі міндеттердің бірі медициналық кадр дайындау және тарту болып табылады. Жергілікті бюджеттің есебінен медициналық оқу орындарында 500-тарта жас ақмолалық білім алуда. Оның ішінде Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында оқитын 230 жас облыс әкімінің атаулы стипендиясының иегері болып табылады. Бұл жұмыстар жалғаса бермек.

РКС: Сонымен қатар, облыс әкімі Ермек Маржықпаев осы салаға қосқан айрықша үлестері үшін бірқатар медицина мамандарын марапаттап, өзінің жылы лебізін жеткізді.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///қазақша///Өмірде ұлы аталатын екі мамандық бар. Бірі ұстаз, енді бірі дәрігер мамандығы. Қазақ халқы «бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпаған. Жан жылуы мен аялы алақан, жүрек мейірі мен адамға деген ілтипат өмірдің өзегі болып қала бермек. Адамның ақаусыз денсаулығы қоғамның байлығы. Ал, дені сау қоғамның болашағы жарқын екені даусыз.+скл++ Баршаңызды осы айтулы мерекемен құттықтаймын. Бақ-дәулет, ырыс-береке тілеймін.
РКС: Айталық, соңғы жылда медицина саласына айтарлықтай қолдау көрсетілген. Мәселен, соңғы 2 жыл ішінде бұл салаға бағытталған қаржы көлемі 20 млрд теңгені құраған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге өскен. Сондай-ақ, осы жылы 4 аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 4 аурухана салынады деп жоспарланып отыр.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАСҚАСОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...