
ДК: Былтыр Ақмола облысына дәрі-дәрмектің шамамен 500-ге жуық түрі жеткізілген. 2019 жылмен салыстырғанда 1 жарым есеге артық. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Нариман Сыздықов хабарлады. Дәрі-дәрмектің бағасы мен сирек кездесетін аурулармен ауыратын науқастарды дәрімен қамтамасыз ету жайы тілші бейнематериалында.
РКС: Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, былтыр 169 мың аадам тегін дәрімен қамтамасыз етілген. Бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 11 процентке жоғары. Нәтижесінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша арыз- шағым 2 есеге азайды.
СНХ: НАРИМАН СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///қаз./// Бүгінгі таңда 1,277 млрд.теңге сомасына 736 дәрілік заттың атауы жеткізілді. Дәрілік заттардың қалған 100 атауы бірыңғай дистрибьютордан сатып алынады және наурыз айынан бастап жеткізу жоспарланып отыр.
РКС: Өңірде коронавирустық инфекция жұқтырған науқастарды да дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету толық жолға қойылған.
СНХ: НАРИМАН СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///қаз./// Облыста эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда 13 дәрі-дәрмектің 81 млн. теңгесіне резервтік қор бар. Өткен жылы КВИ бар науқастарды стационарлық деңгейде қамтамасыз ету шеңберінде 950 млн.теңге сомасына дәрілік заттар жеткізілді. Ағымдағы жылы бірыңғай дистрибьютордан 1 млрд.теңгеге жеткізу күтілуде.
РКС: Халықты дәрілік препараттармен қамтамасыз ету шеңберінде орфандық аурулары бар пациенттерге де ерекше көңіл бөлініп отыр. Өткен жылы сирек кездесетін аурулармен ауыратын науқастарды емдеу үшін 1 млрд.теңгеге дәрі сатып алынған. Биыл науқастарға 87 млн.теңгеге дәрілік препараттар үлестірілді. Сондай-ақ, облыста тегін дәрі-дәрмек тізіміне енбей қалған науқастарға жергілікті бюджет есебінен қымбат тұратын препараттармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ШОҚАН ТӘУКИЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ