ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

18:34, 30 маусым 2020

 

ДК: Шаһарда дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда. Ауа райының қолайсыздығы да кедергі тудырмақ емес. Дәл қазіргі уақытта адам көп жиналатын ғимараттың іштері, ірі сауда орындары  мен аялдамалар күн сайын дезинфекциялануда. Санитарлық жұмысқа қала  бойынша 350 адам жұмылдырылған.

Ест.шум

РКС: Бұл қалалық полиция басқармасы. Мұнда 500-ге жуық тәртіп сақшысы қызмет етеді. Сондай-ақ, басқармаға базынасын арқалап келетін бұқараның да  саны көп. Ғимаратты жиі желдетіп  тұрамыз, - дейді мамандар. Ал, осы жолы мекеменің ішіне толығымен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

СНХ:  ЖАНАТ ШӘРІПОВ,  КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ///аударма///Карантин кезінде біздің қызметкерлердің 70 проценті өз жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қызмет барысында оларға арнайы санитарлық талаптар қойылады. Яғни, қарапайым маска, қолдарында антисептик пен қолғаптар болуы тиіс. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар үнемі өз шағымдарымен жүгінеді. Адам үзілмейді деуге болады. Сондықтан, ғимараттың ішінде осылай залалсыздандырып тұруды жөн санадық. 

РКС: Санитарлық тазалау жұмыстарына Көкшетау техникалық институтының өкілдері де өз үлестерін қосуда. Оқу ордасынан арнайы топ құрылған. Ол топта институттың оқытушылары мен офицерлері бар. Олар осы екі күннің ішінде 5 ғимаратты дезинфекциялаған.

 

СНХ: СЫРЫМ ШӘРІПХАНОВ, КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСТЫҒЫ//аударма//Өңірдегі карантин шараларының күшейтілуіне және індетке шалдыққан адамдар санының өсуіне байланысты біз дезинфекциялау жұмысын қайта қолға алдық. Соңғы дезинфекциялау жұмысын біз төтенше жағдай режимі аяқталған мамыр айында жүргізгенбіз. Ал, кешегі күннен бастап біз өз жұмысымызды жандандырдық.

РКС: Дезинфекциялауға жұмылдырылған жандардың барлығы қажет жабдықтармен  толық жарақтандырылған. Яғни, қалалық әкімшіліктен 200 дезинфекциялау құрылғысы мен 350 арнайы форма берілген. Сондай-ақ, диахлор сұйықтығы да жеткілікті бөлінген. Қала бойынша залалсыздандыру жұмыстары күшейтілген. Осы жұмыстың барлығы қауіпті індеттің алдын-алуға бағытталғанын атап өткен жөн.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ДАРХАН САҒЫН, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МҰҒАЛІМДЕРДІ «МЫРЗА, ХАНЫМ» ДЕП АТАУ ҰСЫНЫЛДЫ
19:58, 29 шілде 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІ «МЫРЗА, ХАНЫМ» ДЕП АТАУ ҰСЫНЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫНЫҢ АДАЛ ЕҢБЕГІ
20:10, 23 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫНЫҢ АДАЛ ЕҢБЕГІ
Толығырақ...
«ҚЫЗЫЛ АЙМАҚ» ЖАҒДАЙЫНДА ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
20:14, 23 шілде 2021
«ҚЫЗЫЛ АЙМАҚ» ЖАҒДАЙЫНДА ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫН...
Толығырақ...