ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ДІЛНАЗҒА ЖҮРЕГІН БЕРГЕН БАЛАНЫҢ АТА-АНАСЫ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ

21:33, 24 маусым 2022

ДК: Көптен күткен кездесу. Басқа адамның жүрегін салдырған қазақстандық Ділназ, сол жүректің иесінің ата-анасымен жолықты. Олар Үндістаннан ұшып келді. Шетелдік қонақтарды Исан әулеті ерекше сән-салтанатымен күтіп алды.

РКС: Үндістандық қонақтарды күтіп алуға жиналған халық Ділназға екінші өмір сыйлаған баланың ата-анасына Қазақстанның мәдениетін көрсетті. Донордың жанұясы  қыздың отбасымен танысқысы келген. Төрт жыл бұрын ота жасалған ауруханадағы дәрігерлерден науқас туралы мәлімет алып, қыздың анасына хабарласады. Олар елге жыл алдын келуді жоспарлаған. Бірақ оған пандемияға кедергі болды.

 СНХ: АНАР ИСАН, ДІЛНАЗДЫҢ АНАСЫ: Хабарласып, бізбен кездескілері келетінін айтты. + 03:31 Сосын  Қазақстанға шақырдық, олар шақыртуымызды қуана-қуана қабыл алды. Олар үшін баласының бір бөлшегі өмір сүріп жатыр. Біз 4 жылдан бері ол отбасымен араласамыз. Әрі қарай да қарым-қатынасымыз нығая түседі деп ойлаймын. 

РКС:  Көкшетаулық Ділназ Исанға туа бітті жүрек ақауы диагнозы қойылған. Ата-анасы оған донор іздеп,  кезекке қойыпты. Осыдан 7 жыл бұрын Үндістанда ем алып жатқанда, жүрек беретін адамның табылғаны айтылады.

СНХ: ДІЛНАЗ ИСАН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Менің жасым 18-де. Арна колледжінің 1-курсында білім алып жатырмын. Ағылшын тілі курсына белсенді қатысамын. Теннис, волейболмен айналысамын.

РКС: Донордың есімі - Адет. Үндістандық бала жол-көлік апатынан көз жұмған. Ата-анасы мен екі бауыры бар. Қазақстанға алғаш рет сапарлаған әпкесінің айтуынша, інісі көңілді, ашық-жарқын бала болған. Жалпы, жасөспірімнің ағзалары Ділназдан бөлек 5 балаға өмір сыйлапты. 

 СНХ: АРЬЯ ПОЛСОН, ДОНОРДЫҢ ӘПКЕСІБіз інімізді ешқашан ұмытпаймыз, үнемі ортамызда жетіспей тұрады. Ділназ туралы туысқан ағамыз айтты, баланың әрі қарай өмір сүре алмайтынын түсіндіріп, басқа адамдарға өмір сыйлау мүмкіндігі бар деді. Жағдайды естіген соң ата-анамыз ағзаны беру туралы шешім қабылдады.

РКС: Қазір Ділназ 17 жаста. Арманы ағылшын тілін терең меңгеріп, Үндістанға оқу түсу. Бұдан бөлек, қыздың анасы жан-жақты қолдау көрсеткен елдің Денсаулық сақтау министрлігіне алғыс білдірді.  

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, АСЫЛБЕК ДАНИЯР, ОЛЖАС БЕРІКБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...