ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ТОСҚЫН Толығырақ

ДИССЕРТАЦИЯ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ҚОРҒАЛАДЫ

12:51, 8 сәуір 2021

ДИКТОР: Енді диссертациялық жұмысты жазбай-ақ ғылыми атаққа қол жеткізуге болады. Ол үшін докторант  Q-1, Q-2  дәрежелі халықаралық ғылыми басылымдарға 1 шолу мен 2 ауқымды зерттеу мақаласын жариялауы шарт. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде жазды.

ИНФОГРАФИКА: АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ: Рецензия кезінде жұмыстың кері қайтарылуы – қалыпты жағдай емес. Мысалы ұлттық университеттердегі диссертациялық кеңестер 2019 және 2020 жылдары 266 жұмысты қарастырып, оның тек екеуін өткізбей қойған.

РКС: Иә, бұған дейін ғылыми дәреже не берілетін не берілмейтін. Тиісінше, Қазақстанда соңғы 10 жылдың ішінде тек 142 докторант ғылыми дәрежесін қорғай алмаған.   Енді диссертациялық жұмыс қорғалған соң PhD дәрежесін беру, бермеу, қайта қорғау немесе жұмысты пайта пысықтауға жіберу деген 4 шешімнің бірі қабылданатын болды.  

СНХ: АЙГҮЛ ЖАҚЫПОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ  ПРОРЕКТОРЫ: /русс/Бұрын диссертациялық кеңес мүшелері 3 жылға бекітілетін. Докторанттардың зерттеу тақырыптары әртүрлі  болғанына қарамастан, сол бір адамдар бәріне баға беретін. Енді кеңес мүшелерінің жартысы уақытша тағайындалып, ауысып отырады. Бұл әр зерттеу тақырыбын білікті сарапшылардың бағалауына жол ашады. Екінші өзгеріс докторанттардың жариялауға тиіс ғылыми-зерттеу мақалаларының саны 7-ден  4-ке қысқарды. Бұл санға емес, сапаға мән беру.   

РКС: Тағы бір жаңалық енді диссертация тікелей эфирде қорғалады. Яғни, кез келген азамат қорғауды ашық көре алады.  Енгізілген бұл өзгерістер докторантқа, диссертациялық кеңеске және рецензенттерге талапты барынша арттырып отыр. Әрі  ашықтықты қамтамасыз етіп,  ғылымда академиялық адалдықты жоғарылатады, - дейді мамандар.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
19:39, 13 сәуір 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ САХНАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЮЗИКЛІ
19:34, 13 сәуір 2021
ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ САХНАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЮЗИКЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 150 ЖЫЛ!
19:40, 7 сәуір 2021
ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 150 ЖЫЛ!
Толығырақ...