ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ДИЗЕЛЬ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАДЫ

18:48, 7 қазан 2021

 

ДИКТОР:  Қымбатшылық жүк көліктерінің иелерін де айналып өтпеді. Соңғы аптада дизель отынының бағасы екі рет көтерілген. Мәселе өз жұмыстарына, күнкөрістеріне тікелей қатысты болғандықтан, жүк тасымалдаушылар дабыл қағуда. Олардың жан-айқайын тілшіміз Фариза Асылбекова тыңдап қайтты.

РКС:  Көкшетаулық Ғайса Жакетовтың КАМАЗ көлігін тізгіндегеніне 20 жыл болыпты. «Осының арқасында нәпақамды тауып, бала-шағамды асырап отырмын»,-дейді отағасы. Алайда, бір аптадан бері мардымды тапсырыс түспей, қалталарының қағылып жатқанын айтуда. Себеп: дизель отынының қымбаттауында.

СНХР: ҒАЙСА ЖАКЕТОВ – КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Дизель отынының қымбаттағаны бізге кері әсерін тигізуде. Біріншіден, оның бағасы өсті, екіншіден тапшы. Тек талонмен ғана сатылып жатыр. Бұрын шақырымына 300-400 теңге алсақ, қазір 800 теңгеге дейін көтеруге мәжбүрміз. Одан арзанға барсақ, өзіміз шығынға батамыз. Клиенттер келеді, бірақ қымбат сұрайсыңдар деп кетіп қалады. Бір апта болды. Жұмысымыз өнбей жатыр//

СНХР: РУСЛАН ЕРЕЗЯПОВ - КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз де бағаны көтердік. Бірақ, халық онымен келіспейді. Ал, біз мысалы баяғы бағамен жүре берсек, онда біз тек қана жанармайға ғана жұмыс істейміз. + Біз тұрмыз. Жұмыссызбыз. Бала-шағаны қалай асыраймыз. Білмейміз///

РКС: Жүк көлік иелері осылай деп дабыл қағуда. Ал, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мамандарының айтуларынша, елдегі үш зауыттың біреуінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сәйкесінше, дизель отынының тапшылығы орын алып, баға қымбаттаған.

СНХР: ЖАСЛАН АЙДРАХМАНОВ – АҚМОЛА ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мәселені шешу мақсатында, энергетика министрлігі Ресей Федерациясының өндіруші-зауыттарымен жұмыс істеу жөнінде ұсыныс тастады. Алайда, Ресейдің бағасы біздікінен қымбатырақ. Осыны ескерген жерлестеріміз энергетика министрлігіне біздің облыстың ішкі нарығына тасымалдауды жоғарылату туралы өтініш білдірді. Бұл хатты министрлікке бүгін жолдадық.

РКС:  Алайда, мәселенің Министрлікте қашан және кімнің пайдасына шешілетіні белгісіз. Қымбатшылықтың қыспағын сезініп отырған қараша халық  болса, тағы ненің бағасы өседі екен деп алаңдаулы.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА,  ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»  

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...