
ДИКТОР: Соңғы күндері облыс орталығында жол-көлік оқиғалары көп тіркелді. Сол себепті көлік жүргізушілері дөңгелектерін қысқысына ауыстыратын кез келді. Қаланың белсенді жүргізушілері өзге де автокөлік тізгіндеген азаматтарды жазғы доңғалақтарын қысқы доңғалақтарға ауыстыруға шақырады.
СНХ: БАЛҒАБЕК МҰСТАФИН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ КОМАНДИРІ: Соңғы күндерде ауа райының қолайсыздығына байланысты яғни қардың аса көп түсуіне байланысты қалада жол-көлік оқиғалары көптеп тіркеліп жатыр. Жылдың басынан қаланың аумағында 150 жол-көлік оқиғасы болды.202 адам әртүрлі дене жарақатын алып, 4 адам қайтыс болды. Сол себептен көктайғақ уақытында жол апатының болуы жүргізушілердің автокөлік дөңгелегін ауыстырмаудан болып отыр. Осыған орай жүргізушілерден өздерінің дөңгелектерін жазғыдан қысқыға ауыстыру керектігін сұранамыз.
ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ИВАН ОДНОРОГ, КӨКШЕ АҚПАРАТ