ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ДОНОРЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

20:56, 14 маусым 2022

ДК: 14 маусым қан донорларының дүниежүзілік күні. Осы атаулы күн аясында бүгін өңірдегі 15 құрметті донорды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Мерекелік іс-шарамен қатар қан орталығында «Қан тапсырып,  өмірді құтқарып қал» дәстүрлі акциясы да ұйымдастырылды. Шараны өткізуге облыстық волонтерлерді қолдау  және жастар ресурстық орталықтары бастамашы болғанын айта кету керек. 

РКС: Донорлық орталықтар Атбасар және Степногорск қалаларында да жұмыс істеп тұр. Жыл сайын облыста 2 мыңға жуық науқас қан құюды қажет етеді. Орталықтағы қор үнемі толықтырылып отырады. Барлық науқас кепілдендірілген тегін медициналық көмектің мөлшері шеңберінде  донорлық қан компоненттерімен толықтай қамтамасыз етілген.

СНХ: ЕРМЕК МҰХАМЕДИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ  ДИРЕКТОРЫ: Облыс бойынша бізге 11 мыңнан астам өтініш келіп түсті.  8 мыңға жуығына қайырымдылық көмек көрсетілді. Бүгін біз құрметті донорларымызды жыл сайын өтетін  акцияға шақырдық. Олардың арасында 40 реттен көп қан, 70-тен астам плазма тапсырған адамдар да бар. Сондықтан біз оларға әрқашан көңіл бөлуге  тырысамыз.

РКС: Мерекелік шарада 15 құрметті донор марапатталды. Олардың қатарында Олжас Төлеғұл да бар. Ол 2011 жылдан бастап тұрақты түрде қан тапсырып келеді. Донор біреудің өмірін құтқарып қалудың өзі бір бақыт  екенін айтады. 

ИНТЕРШУМ: марапаттау

СНХ: ОЛЖАС ТӨЛЕҒҰЛ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Алғаш рет осы жерге 2003 жылы келдім. Ол кезде донорлықтың не екенін аса түсіне қойғам жоқ. Денсаулығым аздап сыр бере бастады, сондықтан достарым мен өзімді емдеген дәрігерлерім  жиі қан тапсырып отыр деп  кеңес берді. Содан кейін ғана мен оның оң әсерін сезіне бастадым. Денедегі қан түзетін мүшелерді жақсартады екен.  

РКС: Облыс бойынша донорлар саны 8 мыңнан асады. Әйелдер жылына 3, ерлер 5 рет  қан тапсыра алады.Тәулігіне қан орталығынан облыстағы барлық емдеу мекемелеріне 30-40 доза қан жөнелтіледі. Ал оның орнын күнделікті  толтырып отыру үшін 25-30 адам қан тапсыруы қажет. Бүгінгі күні  орталықта қанның қоры жеткілікті. 

 

РИЗА ТӨЛЕГЕН, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕН, ДИДАР ӨМІРЗАҚ. КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...