ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ДҮБІРЛІ ДӘУІР: ДОМБЫРА – ДАСТАН, ДОМБЫРА КҮЙ

20:13, 1 шілде 2022

ДК: Ұлттық Домбыра күніне орай Болашақ сарайының алаңында «Домбыра – дастан, домбыра – күй» акциясы өтті. Шараға 100-ден аса домбырашы қатысты. Күйшілер облыстың түкпір-түкпірінен жиналған.

РКС: Қойнауына Ұлттың киесі, қасиеті мен өр рухы топтастырылған құнды аспап домбыраға бүгінде жастардың құрметі зор. Домбыраның дүбірлейтін заманы туды. Оны жыл сайын қатары көбейген жас домбырашылардан аңғаруға болады. «Домбыра – дастан, домбыра – күй» акциясында 120 оқушы «Әлқисса», «Ата толғауы», «Балбырауын» күйлерін орындады.

СНХ: ҚҰРАЛАЙ АЗАТБЕКҚЫЗЫ, ДОМБЫРАШЫ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ: Мен домбыраға 2 жылдан бері қатыстып келе жатырмын. Ал бүгін осы Домбыра күніне орай қатысып жатырмын. +++скл++ 00:50 Қазақтың ұлы аспабы. Домбыра тартсам өзімді бос, еркін сезінемін. +++скл+++01:33 Біздің тарихымызда қаншама домбырашылар болды.  Біз осы дәстүрді әрі қарай жалғастырып, әлемге танытамыз.

СНХ: ДМИТРИЙ РУДЕНКО, ДОМБЫРАШЫ(АҚКӨЛ АУДАНЫ): Келешекте музыкамен өмірімді байланыстыра отырып, домбырамен ән жазғым келеді. ++скл++ 00:11 Мен домбыраға 7 жылдан бері қатысып келемін. Бүгін Ұлттық домбыра күні. Осында күй тартуға шақырды. Домбыраның үні керемет. Сол үшін де осы аспапты таңдадым.

РКС:  Қазақтың аяулы ұлдарының бірі Ілияс Жансүгіров Домбыра, сенде мін бар ма? Мінсіз болсаң – тіл бар ма? Тіл жоқ деуге бола ма, Тілден артық үн барда? Домбыраның күші мол, Көмейінде күй барда, – деп жырлаған. Ұлттық аспаптың жан-жақтылығы сонша, сөйлесе – шешен, күйлесе – көсем, төгілсе – тарих, шертілсе – аңыз деп баға берілген. Расында, халықтың қуанышын да, қайғысын да қатар жеткізетін қасиетке ие.

СНХ: БИСАРА МӘКЕНОВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ: Өнерді бойына сіңіріп өскен ұрпақ тәрбиелі, мәдениетті, жүрегі жұмсақ болады. Өнерді балалардың бойына сіңіруге, рухани азық беруге тырысып жатырмыз. Жылдағы Домбыра күніне оқушыларымызды алып келіп қатыстырамыз.

СНХ: АҚГҮЛ БӨЖЕНҚЫЗЫ, АҚКӨЛ АУДАНДЫҚ МУЗЫКА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Мен Ақкөл балалар музыкалық мектебінде 18 жыл жұмыс істеймін. Өзімнің құрған «Мұрагер», «Балбұлақ» ансамбльдерім бар. Осы уақытқа дейін 300-ден астам оқушыны дайындап шығардым. +++скл+++01:15 Құрманғазы, Дина сияқты күйшілер қазақтың даласынан әлі де шығады.

РКС: Игі шараны облыстық «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі облыстық орталығы ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және жандандыру. Өскелең ұрпақ, өнер сүйер қауым арасында қазақ өнерін кеңінен насихаттау, жас таланттар мен талантты орындаушыларды қолдау.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...