ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ Толығырақ

Е. МАРЖЫҚПАЕВ:«...АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ЖАНДАНДЫРУ-БАСТЫ ТАЛАП»

12:55, 18 ақпан 2021

ДК: Жарқайың ауданы астықты өлке. Былтыр  аудан 600 мың тонна егін орып алды. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев өңірге жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінде болды.  

РКС: «Державинск агропромтехникасы» серіктестігінің егістік алқабы 5 мың гектарға жуық. 40 адам еңбек етеді. Кәсіпорын өсімдік шаруашылығымен қатар, ауыл шаруашылығына қажетті техникаларды жөндеумен де айналысады.  

СНХ: ВАЛЕНТИН СИДОРОВ, КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫ///аударма/// Ол жерде қондырғылар ғана емес, соқа агрегаттары, бүріккіштер де жасалады. Жұмыс ауқымды. Бірақ, қазір біршама азайды. Өйткені, жыл сайын жаңа техника көбейіп жатыр. Ескі техниканы жаңасына ауыстырған кезде жөндеу жұмыстары көп болды.  

РКС: Кәсіпорынның автопаркінде техниканың түр-түрі бар. Бұл жерде тракторлар жөндейтін цех, жылыту қондырғылары мен екі гараж да орналастырылған. Өңірдің аграрийлері көктемгі егіс науқанына дайындықты бастап кетті.  

СНХ: ДУЛАТ СЫЗДЫҚОВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма///Биыл 631 мың гектар жерге дән сіңірмекшіміз. Өткен жылмен салыстырғанда егістік көлемін 1,5 мың гектарға ұлғайтып отырмыз. Жайылымға қатысты барлық ауыл шаруашылығы субьектілеріне ескерту қағазын жібердік. 68 мың гектардай қалады. Мал басына байланысты арақатынасын айқындап алдық. Былтыр ретке келтірілмеген сәттер болған. Мораторий аяқталса, жерлерді қайтарып аламыз. Аудан бойынша 8 мыңға жуық техника бар.  

РКС: Биыл жарқайыңдықтар ет, сүт пен жұмыртқа өндірісін ұлғайтуды көздеп отыр. Облыс әкімі мал шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту қарқынын жеделдетуді тапсырды.  

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///аударма///Өсімдік шаруашылығында бетке ұстар кәсіпорындар бар. Білікті мамандар да жеткілікті. Жерлеріңіз құнарлы. Тәжірибе де жеткілікті. Бірақ, мал шаруашылығы ақсап тұр. бидайды сатуда да іркіліс бар. Шекарамен айтарлықтай мәселелер бар екені жасырын емес, сондықтан малға азық дайындау үшін қайта өңдеуді қолға алу керек.  

РКС: Облыс әкімі Ермек Маржықпаев өсімдік шаруашылығын дамыту қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырды. Сонымен қатар көктемгі егіс науқанына сапалы дайындық та күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі. «Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өлместің күйін кешпей, қызу іске кірісулері қажет»,-деді аймақ басшысы.  

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, АСЛАН ӘБУТӘЛІПОВ, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН БЕКІТІЛЕДІ
19:40, 2 наурыз 2021
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН БЕКІТІЛЕДІ
Толығырақ...
МЕКТЕП: САНИТАРЛЫҚ САҚТЫҚ ҮШІН 70 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
19:39, 2 наурыз 2021
МЕКТЕП: САНИТАРЛЫҚ САҚТЫҚ ҮШІН 70 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
18:39, 2 наурыз 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕГІ ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
20:25, 24 ақпан 2021
ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕГІ ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...