ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

«Е-ӨТІНІШ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

18:16, 8 шілде 2021

 

ДИКТОР: 1 шілдеден бастап елімізде жаңа әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енді. Бұған дейінгі «Заңды және жеке тұлғалардың арыз-шағымдарын қараудың тәртібі туралы» Заң өз күшін жойды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ақпараттық жүйе іске қосылды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс процестерін цифрландыру мапқсатында "Е-өтініш" ақпараттық жүйесі мен арыз-шағымджарды қабылдайтын "Нәтиже" орталығын жұмысын бастады.

РКС:  Бұдан бөлек, Жаңа әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің аясында бұл жұмысқа мемлекеттік қызметшілер де даярланды.

СНХ: АЙНАГҮЛ ЖАНӘДІЛОВА, ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ: //аударма//Бұл құқықтық алаңдағы жаңа сала. Ол жариялы-құқықтық мемлекеттік органдармен, сондай-ақ ашық қызметтерді жүзеге асыруға бағытталған қарым-қатынастарды белгілейді және реттейді.

РКС: Қазіргі уақытта азаматтар мемлекеттік органға арыз-шағымдарын жіберу үшін байланыстың бірнеше түрін пайдаланады. 

СНХ: ЛӘЗЗАТ САНТАС, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАС МАМАНЫ://аударма// «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы сандық мемлекетке көшуді ұсынады. Осыған орай электронды сервистер пайдаланылады және ол әркез жетілдіріліп отырады. Азаматтар өтініштерін электронды үкімет порталы арқылы электронды түрде жіберуді, Қазақстан Республикасы Президентінің Виртуалды қабылдау бөлмесіне, бірінші басшының блогына, Қазпочта, электронды тасымалдағыш арқылы және қолма-қол жеткізу арқылы да жүзеге асырады.

РКС: "Е-Өтініш" ақпараттық жүйесін енгізу әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберіндегі маңызды жобаның бірі. Тағы бір атап өтерлігі азаматтардың арыз-шағымымен жұмыс кезінде оның сапасына қойылатын талап қатаң. Әкімшілік процедуралардың мерзімін негізсіз ұзартуға жол бергендер заң жүзінде жауап береді. Бір сөзбен айтқанда жаңа кодекс азаматтардың құқығын мейлінше қатаң қорғауғап бағытталған.

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...