ШҰҒЫЛ! АУТИЗМ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА ДЕНДЕП БАРАДЫ Толығырақ

ЕГІНДІКӨЛ ЖОЛДАРЫ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

19:34, 4 қараша 2021

ДИКТОР: Өңірдегі жолдардың сапасы көп ретте сынға ұшырап жатады. Дегенмен, соңғы жылдары аудандар мен ауылдардың жолдарына мемлекет тарапынан көңіл бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әсіресе, еліміз егемендік алғалы бұл мәселе алдыңғы сапқа шығып, биліктің назарына ілінген.

РКС: Соңғы жылдары халықтың әл-ауқаты да, жолдарының сапасы да жақсарып келе жатқан аудандардың бірі – Егіндікөл. Оның дамуына «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы айтарлықтай ықпалын тигізді. Мәселен, аталмыш бағдарлама арқасында облыстық және жергілікті бюджеттен қыруар қаражат бөлінген. Нәтижесінде Егіндікөл және Полтавское ауылдарының көшелеріне асфальт төселіпті. Оған 147,5 млн теңге жұмсалған.

СНХР: ЕРЛАН МҰХАМЕДИН, ЕГІНДІКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Жергілікті бюджеттен 22,5 млн теңге бөлініп, ол қаражатқа Спиридоновка ауылы мен Алакөл  селолық округінің жолдарын жөндедік. Олыс басшысының қолдауының арқасында осы жылы ауданымыздағы 4 ауылдың 22 көше-жол жабынының сапасы жақсарды.//

РКС: Ауылды жерлердегі мәселелердің оң шешімін табуға септесетін «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы да Егіндікөл ауданында ойдағыдай жүзеге асып жатыр.

СНХР: ЕРЛАН МҰХАМЕДИН, ЕГІНДІКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:Аталмыш бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен 203,1 млн теңге бөлініп, 7 жоба іске асты. Егіндікөл ауылының ішіндегі жолдары жөнделіп, 7 көшеге асфальт төселді.//

РКС: Жолдардың жалпы жағдайы қашан да мемлекет назарында. Алдағы уақытта облыстың күрделі жөндеуді қажет ететін жолдары жөнделеді деп күтілуде.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ «КӨКШЕ – АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
17:26, 14 қаңтар 2022
БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...