ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР ОРЫН АЛДЫ

20:04, 15 қазан 2021

 

ДИКТОР: Тәуелсіздіктің 30 жылында экологиялық бағыт қарқынды дамып, әртүрлі бастамалар қолға алынуда. Қазіргі уақытта бұл сала жаңа бетбұрыстарға қадам жасады. 2021 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының жаңа экологиялық кодексі қабылданып, оған біршама оң өзгерістер енгізілген болатын. Жаңашылдықтардың оң тұстары жайлы келесі бейнематериалда.    

РКС: Жаңа кодексте белең алған өзгерістер бойынша қоршаған ортаға теріс әсер ететін кәсіпорындар мен құрылымдардың категория саны өзгермеген.  Бірақ, 1 шілдеден бастап қолған алынған заң бойынша мұндай санатқа бөліну өндірістік обьектілердің санитарлық жіктелуіне тәуелді емес. Бұл экология саласына оң бетбұрыстар әкелетіні хақ.

СНХ:АЙНҰР БӘЖІРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:1, 2 және 3 категория критерийлері жаңа кодекстегі өзгерістер бойынша тағайындалады. Ал көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін обьектілерге 4 санат беріледі. Жаңа кодексте әр түрлі міндетті құжаттар түрлері қарастырылған: 1 санат үшін-интеграцияланған экологиялық рұқсат, 2 санат үшін-қоршаған ортаға әсер ету рұқсаты, ал 3 категориядағы оператор кәсіпорынның қоршаған ортаға әсері туралы декларация ұсынуы қажет. 4 санат үшін ешқандай рұқсат қағазбен декларацияның керегі жоқ.  

РКС: Қоршаған ортаны қорғау өзектілігін ешқашан жоймайды. Алға қойған мақсат, міндеттер айқын. Оның жолында көптеген жаңа белестер бағындырылуда. Бірақ, бұл мәселенің шешімін табу үшін жер шарының әр тұрғыны табиғат үніне бейқамдық  танытпауы қажет. Мемлекет те қазіргі уақытта экология мәселелеріндегі әкімшілік жазалаудың саның азайтып, профилактикалық шараларды қолдануды жөн көріп отыр.

 СНХ:АЙНҰР БӘЖІРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: Жаңа кодексте қоршаған ортаға әсерді бағалау кезінде оған мүдделі қоғам мен мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуы үшін барлық қажетті жағдайлардың жасалуы талап етіледі. Қоршаған ортаға әсерді бағалау аясын анықтау кезеңінде уәкілетті орган мүдделі органдармен жұртшылықтың белгіленген мерзімде түскен ескертулері мен ұсыныстарын жинайды, қарастырады және ескереді. Ықтимал әсерлер туралы есепті дайындау аяқталғаннан кейін нәтижесі қоғамдық тыңдауларға жіберіледі.

РКС: Жасалынып жатқан белең өзгерістердің мақсаты бір. Ол-қоршаған ортаны сақтап қалу. Қоғам да табиғаттың алдындағы өз жауапкершілігін сезіне отырып, экологияға үлкен мән беруі қажет.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...