ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

ЭКОЛОГИЯҒА ТИІМДІ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

20:10, 24 қараша 2021

ДИКТОР: Тәуелсіздіктің 30 жылында білім беру саласы мазмұны жағынан едәуір өзгерді. Қарапайым мысал – қазір бұрынғыдай  жаттап алып, мазмұндау маңызды  емес. Ұстаздар қауымы оқушылардың шығармашылық, аналитикалық қабілеттерін жетілдіруді басты мақсат етеді.  Сондықтан физиканың заңдарын үйрете отырып, пайдалы құрылғыларды ойлап табуға баулиды.

РКС: Көкшетаудағы № 21 мектеп-лицейінің оқушысы Рахат Жақсылықов табиғи энергия көзіне балама іздеген жас зерттеуші. Физика ғылымына ден қойған ізденімпаз бала «ауа мен күннің коллекторы»  атты құрылғы ойлап тауыпты. Айтуынша, ол құралдың көмегімен жылыту, желдетуге кететін тоқ көзін  алмастыруға болады.

СНХ: РАХАТ ЖАҚСЫЛЫҚОВ, № 21 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ:   Күн энергиясының алтернативті көзін табу  бағытында ғылыми ізденіс үстіндемін. Жобамның мазмұны ауа-күн коллекторы құрылғысын жасаумен байланысты. Басты мақсатым – экологиялық таза әрі таусылмайтын энергия көзі арқылы түрлі көлемдегі нысандарды жылту және желдету.

РКС: Рахаттың жаңалығын іске асыруға көп қаржы қажет емес көрінеді.  Жылытатын ғимараттың көлеміне қарай құрылғыны 20 мен 70 мың теңгенің арасында жасап шығуға болады.

СНХ: РАХАТ ЖАҚСЫЛЫҚОВ, № 21 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ:   Бізде мұндай технологияның әзірге баламасы жоқ. Менің жаңалығым мен бірегейлім де  осы. Әрі осы құрылғыны жасауға қымбат құрал-жабдық, материал  қажет емес. Арзан заттарды қолданамын. Негізін алюминийден қаптаймыз, ол экологиялық, экономикалық жағынан да тиімділігін екі есе арттырады. 

РКС: Айта кету керек, Президенттің тікелей тапсырмасынан кейін мектеп бағдарламасына  экологиялық сауаттылыққа байланысты дәрістер енгізілді. Нәтижесінде, осындай экотиімді жаңашылдықтар мектеп қабырғасында жүзеге асырылып  жатыр.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ВАСИЛИЙ БЕРЕЖНИКОВ, БЕРІК МАНАП, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...