ШҰҒЫЛ! «АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗУДЫҢ 15 ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ

18:11, 23 маусым 2022

ДК: Экология тақырыбы аймақта өзекті мәселелердің қатарында. Жыл басынан бері  қоршаған ортаға зиян келтірудің 8 дерегі тіркелген. Өндірістік қалдықтардың салдарынан қорғашан орта ластанып барады. Сондықтан, бұл жағдайды тез арада біржақты ету қажет. Өңірдің экологиялық ахуалына қатысты осы және өзге де мәселелер  туралы облыстық экология департаментінің жетекшісі Қадырхан Бейсенбаев мәлімдеді.

РКС: Жыл басынан бері мемлекеттік экологиялық бақылауға қатысты 6 тексеру жүргізілген. Экологиялық заңнаманы  бұзудың 15 фактісі анықталды. 20 млн.теңгеге жуық  16 әкімшілік айыппұл салынған. Облыстық экология департаменті жетекшісінің айтуынша, өңірде өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайтау өндеу жөніндегі жұмыс баяу жүргізіліп отыр.

СНХ: ҚАДЫРХАН БЕЙСЕНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Облыстағы экологиялық проблемалардың бірі-стихиялық қоқыстар. Стихиялық үйінділер қатты тұрмыстық қалдықтардың заңдастырылған полигондарының болмауынан, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтар жинау, сұрыптау және қайта өңдеу бойынша инфрақұрылымның дамымауынан пайда болады. Ақмола облысының аумағында 130 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бар, оның ішінде 24  полигонында рұқсат беру құжаттары бар. Осылайша, экологиялық талаптар мен Санитариялық қағидаларға сәйкес келетін қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру нысандарының үлесі 18% - ды құрады.

РКС:Су ресурстарын қорғау мақсатында зертханалық–талдамалық бақылау мақсатында 42 сынама алынып, 1 мыңға жуық анықтама дайындалған. Нәтижесінде 99 заң бұзушылық анықталып отыр. 5 кәсіпорында өндірістік диспетчерлік қызмет пен шекті рұқсат етілген концентрация нормативтеріне сәйкестігіне судың сынамасы тексерілді.

 СНХ: ҚАДЫРХАН БЕЙСЕНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Красный Яр мамыр айында профилактикалық тексеру барысында Кәріздік сорғы станциялары сүзу алаңдарынан су сынамалары алынды. Красный Яр Кәріздік сорғы станциялары төгіндісінде сүзу алаңдарына және сүзу алаңдарынан су сынамаларында көптеген көрсеткіштер бойынша Шрккульт-тұрмыс асып кеткені байқалды, 5 балл иісі бар.

РКС: Облыс аумағында бейберекет қоқыс үйінділерін анықтау мақсатында ғарыштық түсірілімдер жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта осындай 219 орын анықталды. Экология департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп, белгіленбеген жерге қоқыс төгілген бір мыңға тарта орынды тазартуға қатысты жұмыс жүргізді.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛА БАСТАДЫ
20:20, 1 шілде 2022
ӨҢІРДЕ ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛА БАСТАДЫ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ 160 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
20:19, 1 шілде 2022
БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ 160 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 МЕДИЦИНА САЛАСЫНА 73 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
19:16, 30 маусым 2022
МЕДИЦИНА САЛАСЫНА 73 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
 «АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
19:31, 28 маусым 2022
«АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРА...
Толығырақ...
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ АНЫҚТАЛДЫ
19:32, 28 маусым 2022
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...