
ДИКТОР: Қазақстан экономикасының қағаз жүзіндегі деңгейі мен шынайы жағдайының арасындағы алшақтық сын көтермейді. Сондықтан тез арада әділ экономикалық саясат құру керек, - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесуде.
РКС: Ұлттық табыс әділ бөлінуі керек. Халықаралық сарапшылар Қазақстан байлығының тең жартысы 162 адамның ғана қолында екеін растады. Президент бұл теңсіздік қауіпсіздікке төнген қатер екенін айтты. Енді экономикадағы қолдан жасалған монополияны жою міндеті тұр.
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Осы ретте халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайды. Бұл – жылына 1300 доллардан сәл ғана асады деген сөз. Мұндай ақшамен өмір сүру мүмкін емес. Бұлай жіктелу мен теңсіздіктің қауіпті екенін айтқан болатынмын. Жағдайды дереу өзгерту керек, – деді Президент.
РКС: Қасым-Жомарт Тоқаев белді бизнесмендерді жаңа экономикалық саясатты қалыптастыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Кәсіпкерлердің мүлкін тартып алу, қайта бөлу секілді бассыздыққа жол берілмейді. Тек олардан әлеуметтік жауапкершілік алу, салық тазалығын сақтау, әділ бәсекелесу талап етіледі. Болашақ бағдарламасымен Италияда білім алып жатқан Сәкен Қаженов «Ел экономикасын аяққа тұрғызу үшін азаматтардың көзқарасын билік естуі керек», - дейді.
ГЕО: ИТАЛИЯ
СНХ: СӘКЕН ҚАЖЕНОВ, «POLITECNICO DI MILANO» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОКТОРАНТЫ: Мемлекет басшысы беделді бизнесмендермен кездесуде экономикадағы монополизация туралы сөз қозғады. + Бұл ел экономикасының ілгері дамуына кедергі келтіріп тұрған бірден-бір жайт. Өйткені монополист өзінің нарықтағы бірегейлігін сезіне отырып әрі бәсекелестіктің жоқтығынан дамымайды. Бәрімізге бәсеке дамудың негізгі кепілі екені белгілі. Сондықтан бұл тақырыптың көтерілгені қуантады. Менің ойымша, егер азаматтық қоғамның бақылауында ашық реформа жүргізілсе әрі әрбір азамат өз ой-идеясын білдіре алса ойдағыдай нәтижеге жетуге болады.
РКС: Сәкеннің ойынша, реформа тек жоғарыдан төмен қарай орындалмауы тиіс. Азаматтар монополияны тамырымен жоюға қатысты ұсыныстарын түрлі алаңда жеткізуі керек.
АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ