ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ЕКПЕ АЛҒАНДАР - ВАКЦИНАЦИЯ ТУРАЛЫ

17:29, 7 сәуір 2021

ДК: Коронавирусқа қарсы екпе алу қаншалықты қауіпсіз? Вакцинаның ағзаға әсері қандай? Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен арнайы брифингте  осы және өзге де сауалдарға екпе алып үлгерген өңір тұрғындары жауап берді.

РКС: Вакцина пайда болғалы 3 ғасырдан астам уақыт өткен. Ол тарихтағы медицинаның басты жетістіктерінің бірі, -дейді облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Қуаныш Шақшақов. 

СНХ: ҚУАНЫШ ШАҚШАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ///аударма/// Тарихтан белгілі болғанындай, вакцинация жүздеген миллион адамның өмірін құтқарып қалған. Полиомиелит, қызылша, дифтерия тәрізді аурулардың тарлуына жаппай вакцинация тосқауыл болды. Коронавирус адамзат бетпе бет келіп отырған алғашқы жұқпалы ауру емес. Оның таралуын тоқтатудың бірегей жолы жаппай вакциналау.

РКС: Өңірде 8600-ден астам тұрғын коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін салдырған. Екінші компонентпен вакцинацияланғандар саны 4200-ден асқан. Екпе алғандардың қатарында Медицина мамандары, полицейлер мен күштік құрылым өкілдері, ұстаздар бар.

СНХ: БАУЫРЖАН ЫБЫРАЕВ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ///аударма///Мен қызмет бабында көптеген жастармен, білім алушылармен жұмыс істеймін. Сол себепті вакцина алуды дұрыс санадым. Карантиннен біржола құтылудың жалғыз амалы қоғамдық имунитетті қалыптастыру.

СНХ: ВЛАДИСЛАВА КОКОРИНА, «АКМОЛИНСКАЯ ПРАВДА» ГАЗЕТІНІҢ ТІЛШІСІ///аударма/// Әлеуметтік желіде вакцинацияға қарсы адамдардың саны тым көп тәрізді көрінеді. Ал, шын мәнінде тұрғындардың басым көпшілігі өз денсаулығына жауапкершілік танытып, екпе алуға тырысады. Жуырда ғана, «Рио» сауда ойын-сауық кешенінде ашылған жылжымалы вакцинациялау пунктіне тізілген кезектен осыған көзім жетті. Қалалық ауруханаға барғанымызда да осыған ұқсас жағдайға куә болдық.

РКС: Вакцинаның маңызын әсіресе вирус жұқтырғандар терең түйсінеді, - дейді Мәриям Әбішева. Үкіметтік емес ұйым жетекшісі коронавируспен ауырған тұрғындардың ортақ пікірін талқыға салып, ақмолалықтарға сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертті.  

СНХ: МӘРИЯМ ӘБІШЕВА, "KAZAKHSTAN INNOVATIONS" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///аударма/// Мен вакцина алған жоқпын. Себебі 4 ай бұрын жұбайым екеуміз коронавируспен ауырдық. Дәрігерлер ауру жұқтырған тұрғындарға 6 айдан соң  екпе алуға кеңес береді. Бұл уақыт өтісімен вакцина аламыз деп шештік. Себебі екінші рет бұл аурумен ауырғым келмейді. Ұзақ уақыт, дәм сезбедім, өзімді нашар сезіндім. Психологиялық тұрғыдан да ауыр тиді.

РКС: Қазіргі таңда 259 мыңға жуық қазақстандық вирус жұқтырса, оның 228 мыңнан астамы жазылып шыққан. ҚР Премьер-мнистрі Асқар Мамин алдағы қыркүйекке дейін 10 млн. тұрғын вакцина алады деп күтілетінін мәлімдеген еді.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ.  «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...