ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

ЕКПЕ АЛҒАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТТЫ

19:02, 28 шілде 2021

 

ДК: Аймақта екпе салдыру науқаны қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда Ақмола халқының 60 проценті вакцина салып үлгерді. Вакцина егу процесі Қорғалжында қалай жүріп жатыр? Толығырақ тілші бейнематериалында.

РКС: Аймақта жұқпалы індетке қарсы екпе алу науқаны қызып тұр. Қорғалжын ауданы Елордаға жақын тұрғандықтан, вирус жұқтырғандардың қатары артты. Дегенмен күн өткен сайын  вакцина салдыратын белсенділердің саны көбейген.  

СНХ: МАРАЛ АРХАБАЕВА, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Бүгінгі таңда вакцинаның 1 компонентін 2700 адам алды. Яғни, 75 процент халық қабылдады деген сөз. Ал екінші компонентті 1500-ға жуық адам салдырды. Екпе алғандардың арасында екпеге аллергия болған жоқ.

РКС: Қазіргі таңда Қорғалжын аудандық ауруханасында 33 адам ем алып жатыр.  Оның ішінде 5 бала мен 1 жүкті әйел вирус жұқтырған.

СНХ: МАРАЛ АРХАБАЕВА, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Жұқпалы кеселдің таралуы күрт күшейгендіктен тұрғындар бұл індеттен құтылудың жалғыз жолы жаппай вакцина алу керек екенін түсінуі тиіс. Екпені өзіміздің дәрігерлер де салдырды. Барлық қазақстандықтарды вакцина салуға шақырамын.

РКС: Өңірде коронавируспен ауырған науқас саны әлі де алаңдатарлық деңгейде. Соңғы тәулікте Ақмола облысында 210 адам қауіпті індет жұқтырды.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ӘНУАР НЫҒМЕТЖАН, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...