ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ

20:37, 27 шілде 2021

 

ДК: Соңғы 5 айда елімізде ішкі тауар айналымы 15,8 процентке артты. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, сауда айналымына 1 трлн теңгеден астам шығын келді. Онымен қоса, биылғы қуаңшылықтан азық-түлік тұрғысынан тапшылық болуы мүмкін бе? Оны шешу үшін қандай шаралар қабылданып жатыр? Елдегі экспорттың үлесі мен импортқа тәуелділіктің жайы қалай? Толығырақ келесі бейнематериалда.

РКС: Бүгінгі таңда еліміз бойынша 600-ге жуық экспорттаушы бар. Сауда және интеграция министрлігі оның санын алдағы жылдары 1000-нан асыруды жоспарлап отыр. Алайда импортқа тәуелділік деген мәселе бар. Мысалы, Қазақстандағы тұтынатын құс етінің импорттық үлесі 45 процент. Онымен қоса биыл қуаңшылық салдарынан ауыл шаруашылығы саласы зардап шегіп отыр. Мұндай жағдайда ет, ұн, сәбіз бен картоптың бағасын бір қалыпта ұстап тұру қиынға соғады.

СНХ: БАҚЫТ СҰЛТАНОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ: Осындай проблема туындаған кезде экспорт жағынан басқа елден осындай тауарларды тасымалдау үшін барлық жағдайларды қараймыз. Өйткені мына азық-түлік қауіпсіздігі басты міндет. Әрине бизнес аралық комиссия мұның бәрін бақылайды.

РКС: Мемлекет басшысы импорттық үлесті барынша қысқарту керектігін айтып, отандық бизнес өкілдеріне үндеу жариялаған еді. Сонымен қатар оларға қолдау көрсету үшін жеңілдетілген несие беру қолға алынды.

СНХ: САНДУҒАШ АЛШЫНБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ МАМАНЫ: «Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасы аясында біз кәсіпкерлерді субсидиялауға баса мән беріп отырмыз.Оның аясында жалпы саны 2271 жобаға қолдау көрсетілді. Тамақ өнеркәсібіндегі кәсіпкерлер белсенділігі артып келеді. Алдағы уақытта біздің өінмедіріміз шетелге көптеп  экспортталады деп жоспарлап отырмыз.

РКС: Бизнесті қолдау мақсатында тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары арнайы курстардан өткізіліп, экспорттық әлеуеті жоғары 35 өндіруші іріктеліп алынды.  Соның арқасында 167 млн долларға әлеуетті 18 келісім-шарт жасалды.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, ӘНУАР НЫҒМЕТЖАН, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...