
ДК: Түркістан қаласында өткен ел чемпионатында «Оқжетпес» футбол клубының балғын спортшылары қола жүлдені иеленді. 2011 жылы дүниеге келген жасөспірімдерден құралған командалар арасындағы бәсеке тартысты өтті.
РКС: Турнирге Қазақстанның әр өңірінен 16 команда қатысты. Финалдық кезеңде балғын футболшылар командасы талдықорғандық қарсыластарын жеңді. Ақтық сында шымкенттік спортшыларға жол беріп, жүлделі үшінші орынды иеленді.
СНХ: ГРИГОРИЙ ЧЕША, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Тағы да көп дайындалу керек. Болашақ туралы айтуға әлі ерте, өйткені балалар кішкентай, олар небәрі 10 жаста. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін. Ең бастысы-еңбектеніп көп жаттығу керек. Алға қойған мақсатқа сол кезде жетесің.
РКС: Жас спортшылар бірнеше ай бойы жарысқа дайындалып, ата-аналарының үмітін ақтады.
СНХ: ВАСИЛИЙ БЕНЬКОВСКИЙ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жеткен жетістікпен тоқтап қалуға болмайды. Балғын спортшылар одан әрі де биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне берсін. Сырт алаңға алғаш рет шығып, жүлделі оралу -бұл біздің футбол үшін, аймақ үшін үлкен жетістік
РКС: . Бүгінде ақмолалық спортшылар түрлі жарыстарда жақсы өнер көрсетіп, біршама оң нәтижелерге қол жеткізіп жүр.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, НАЗИРА БАЛТАШЕВА,ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ