ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖЕРЛЕС БАСКЕТБОЛШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

14:26, 6 сәуір 2021

ДИКТОР: Ақмолалық жасөспірім баскетболшы бұрымдылар Шымкент қаласында өткен ел чемпионатына қатысып, қола жүлдегер атанып қайтты. Жерлестерінің үкілеген үмітін ақтап келген баскетболшылармен тілшіміз Абзал Жұмабек кездесіп қайтты.

РКС: Ел чемпионатында 11 облыстың намысын арқалаған баскетболшылар өзара бақ сынады. Өңір құрамасында өнер көрсеткен Милана Крутевич әр ойын сайын кем дегенде 10 доп салып, чемпионаттың үздік баскетболшысы атанды.

СНХ: МИЛАНА КРУТЕВИЧ, БАСКЕТБОЛШЫЛАР КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: //аударма//  Алғашқы ойын Түркістан облысының спортшыларымен болды. Өкінішке орай, олардан 2 ұпай айырмашылығымен  ұтылып қалдық. Бірақ, оған мойыған жоқпыз.  Ең мықты команда Ақтөбе облысының құрамасы дер едім. Олармен өткен кездесу бізге аса ауыр болды.  Бірінші таймда павлодарлықтардан ұтылып жаттық, бірақ, соңғы минуттарда есемізді қайтарып, жеңіске жеттік.  

РКС: Финалда барлық команда барын салып, жеңіске ұмтылып бақты. Десе де, жерлестеріміз Ақтөбе облысының спортшыларынан 3 ұпай айырмашылығымен жеңіліп қалып, қола медальды қанағат тұтты.

СНХ: ВИКТОРИЯ ВОЛКОВА, ҚЫЗДАР БАСКЕТБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: //аударма//Бұл Қазақстан бойынша ең кіші жастағылар арасында өткізілетін чемпионат. Біздің қыздарымыз жақсы ойын өрнегін көрсете білді деп ойлаймын. Осы санаттағы жасөспірімдер үшін үшінші орын да жаман нәтиже емес. Ойын қиын болды, әр команда лайықты түрде өнер көрсетті деп есептеймін.

РКС: Тегеуріні мықты қарсылас командалармен өткен додадағы кемшіліктерден сабақ алып, оны алдағы уақытта қайталамауға тырысамыз,-дейді команда мүшелері.

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, ПАВЕЛЬ СОЛОВЬЕВ, БЕРІК МАНАП, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...