ШҰҒЫЛ! ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЖАҢА 8 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

ЕЛ ҮШІН ТУҒАН ЕСІЛ ЕР...

17:13, 22 маусым 2022

ДИКТОР: Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Әуелбековтың туған күні. Көзі  тірі болғанда 92-ге келер еді. Елдің еңсесін көтеруді өмірлік мұрат еткен ел ағасын еске алу кеші өтті. Іс-шара барысында нар тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, қайраткердің аруағына тағзым етілді.  

ИНТЕРШУМ: Қала әкімінің сөзі

РКС: Еркін Әуелбеков- белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ірі ұйымдастырушы, Социалистік Еңбек Ері. Ол өзінің адалдығының, еңбегінің арқасында қай өңірде, қандай салада жұмыс істесе де, жеміске бөленіп, артынан тек жақсы сөз бен ыстық ықылас қалдырған адам. Заманында Көкшетау, Торғай, Қызылорда облыстарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруына өлшеусіз үлес қосты. Барған жерінің барлығында зор құрметке бөленіп, сый-сияпатқа ие болған Еркін ағаның қарапайымдылығы мен мейірімділігі ел жадында.

СНХ: ТЕҢБАЙ ЫБЫРАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  Еркін Әуелбеков біздер үшін өте ерекше адам.+скл0:25+Ол кісінің тұсында біз әртүрлі салада қызмет еттік. Оның адалдығы, тазалығы, халықтың қамын ойлайтындығы біз үшін үлгі болды. Ешқашан ешкімге қатты сөз айтып көрген адам емес. Оның бір ауыз сөзі әр адамның жүрегіне қонушы еді. Өйткені, ол барған жеріне жақсылық жасайтын. Соны көрдік. Ол өзінің керзовый етігін киіп алып, совхозды аралайтын. Бір кемшілік, олқылықты байқап қалса, жөніне келтіретін. +скл+ Халық үшін өмір сүрген адам.

РКС: Бүгінде Еркін Әуелбеков белгілі қайраткер, ірі тұлға. Алайда, ол кісімен кезінде еңбек еткендердің бәрі Еркін Нұржанұлының елі мен жері үшін аянбай тер төккенін айтады. Ол қызмет еткен жылдары Көкше жұртының еңсесі көтерілді. Аймақта инфрақұрылым дамыды. Халықтың мұңы тыңдалды.

СНХ: БОЛАТ ӘУЕЛБЕКОВ,  ЕРКІН ӘУЕЛБЕКОВТІҢ ІНІСІ: Мен Ерекең Тимирязовтың академиясына түскен жылдары дүниеге келдім. Сондықтан да, оның бала кезін көп біле бермеймін. Бірақ, ол еңбек жолын бастаған кезде атам екеуміз оның жұмысына баратынбыз. Сол кездері мен осындай ағам бар деп мақтанатынмын. Скл Ол совхоздың да, облыстың да жұмысын істеді. Бар мақсаты халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыру болатын. Еркінде одан басқа ешқандай ой болған жоқ.

РКС: Еркін Әуелбековті жерлестері мейірімді, дарынды басшы, қызметін мінсіз атқарған жетекші ретінде сағынышп еске алады.  

ИНТЕРШУМ: Ескерткішке гүл шоқтарын қою

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ  ЖАҢА 8 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
19:25, 27 маусым 2022
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЖАҢА 8 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ӨҢІРДЕ ТАҒЫ  ЗАМАНАУИ 43 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ
19:09, 27 маусым 2022
2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ӨҢІРДЕ ТАҒЫ ЗАМАНАУИ 43 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОСЫ ЖЫЛЫ 188 ИНВЕТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ
17:45, 24 маусым 2022
ОСЫ ЖЫЛЫ 188 ИНВЕТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ
Толығырақ...
ЖАҒАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАМАЙДЫ
21:09, 21 маусым 2022
ЖАҒАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАМАЙДЫ
Толығырақ...