ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

«ЕЛБАСЫ. ТӘУЕЛСІЗДІК. ПАРЛАМЕНТ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

21:46, 22 қараша 2021

 

Жүргізуші: «Елбасы. Тәуелсіздік. Парламент». Бүгін Елордада осындай атаумен Тұңғыш Президент күніне арналған халықаралық конференция өтті. Тәуелсіздіктің  30 жылдығы аясында ұйымдастырылған шараға Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан, Ресей, Словакия парламенттерінің басшылары және халықаралық ұйым өкілдері қатысты.

КТМ: Қазақстан тауелсіздігінің 30 жылдығы – тарихи белес. Еліміз егемдік алғаннан бері талай қиындықты еңсеріп, толағай табысқа қол жеткізді. Әрбір жеңіс тікелей Елбасының атымен байланысты.

СНХ: НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Биыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар, Қазақстан Парламентінің құрылғанына да 25 жыл толды. Парламент осы жылдар ішінде, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маңызды бастамаларын заң деңгейінде қолдап, барлық реформаларды қажетті, сапалы заңдармен қамтамасыз етті. Бұл жұмыс қазіргі уақытта Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған міндеттерін орындау мақсатында тиімді жалғасып келеді. Бүгінде Парламенттен шыққан әрбір құжат халқымыздың, еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени дамуының заңнамалық тірегіне айналды деуге болады.

КТМ: Шетелдік меймандар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетті қалыптастырудағы ерен еңбектерін айтты. Қазақстанда саяси жүйені жетілдіру және тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.

СНХ: СЮРЕЙЯ БИЛЬГИЧ ТҮРКИЯ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ВИЦЕ СПИКЕРІ: Қазақстан қазір саяси тұрақтылыққа қол жеткізді. Экономикасы қарқынды дамуда. Осының барлығы Елбасының көреген саясатының арқасында жүзеге асып отыр. Екі елдің Парламент өкілдері ретінде мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі белсенді дамытамыз.

СНХ: МАРИАН КЕРИ СЛОВАКИЯ ПАРЛАМЕНТІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Нұрсұлтан Назарбаев ертеңгі күнді ғана емес, 10 және 20 жыл алдағы болашаққа көз жүгірткен тұлға. Әлемде мұндай келешекке қарайтын саясаткерлер аз. Мысалы, демократияға қатысты жасаған қарышты қадамдар - Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі.

КТМ: Форум аясында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бірнеше кездесу өткізіп, басқа елден келген әріптесімен парламентаралық ынтымақты дамыту мәселелерін талқылады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...