ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР

17:03, 29 мамыр 2020

 

ДИКТОР: Еліміздің  тұңғыш  Президенті  кітапханасы  Ақмола облысының әкімдігі мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен   бірлесе  ұйымдастырған халықаралық онлайн  конференциясы  өтті.  Онда Елбасының халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы жаһандық бастамалары, оның рөлі мен маңыздылығы талқыланды.

 

РКС: Онлайн  шара қатысушыларына облыс әкімінің құттықтау хаты жолданды. Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев Елбасының халықаралық аренадағы тәжірибесі алдағы уақытта да өзекті, әлемдік саяси сахнада мол сұранысқа ие бола бермек деп жазған. Жиында еліміздің сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Швейцария, Түркия, Ресей, Польша университеттерінің ректорлары мен ғалымдары Тұңғыш Президенттің  халықаралық бастамалары жөнінде баяндамалар оқыды. Олар Елбасының ел дамуына қосқан үлесі, сындарлы саясатына жоғары баға берді.  Конференция барысында оқылған баяндамалар алдын-ала жеке басылым болып шықты. Жинаққа онлайн шараның 40-тан аса мақаласы енді.

 

СНХ: МАРАТ СЫРЛЫБАЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ/// ҚАЗ///  01:40 Бұл конференцияның маңызы өте зор.  Өйткені, бірінші мәселе, бұл Елбасының көтерген жоғарғы білім беру жүйесін Еуропалық білім жүйесімен интеграция жасау. Екіншісі 2005 жылы Елбасы халыққа арнаған үндеуінде айтқан болатын. Қазақстандық жоғары оқу орындарын, олардың беделін көтеру. Шет елде біздің дипломды мойындату мәселесін көтерді.+ 03:02 мысалы біздің университетіміз быил ұлттық рейтингте  үздік ондыққа кірді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...