ШҰҒЫЛ! ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК Толығырақ

ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ

19:45, 30 қараша 2021

ДК: Көкшетаудағы сауда орталықтарының бірінде түске қарай ерекше мерекелік көңіл-күй орнады. Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыстық орыс драма театрының әртістері қала тұрғындары үшін флешмоб ұйымдастырды. 30-ға жуық өнерпаз көпшіліктің сүйіктісіне айналған әндерді  орындады.

РКС:  Көкшетаулықтар сауда орталығына келгендер ерекше бір шоуға тап болды десек артық емес. «Заречная көшесіндегі көктем» кинофильміндегі ән сауда үйінің ішін аралап кетті. Бұл композиция Елбасының сүйікті әндерінің бірі.  Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сұхбаттарында музыка оның өмірінде үлкен рөл атқаратынын сан мәрте айтып келеді. Бос уақытында Елбасы домбыра тартып, оның әуеніне қосылып ән айтқанды ұнатады. Музыкаға деген сүйіспеншілік оның бойына анасынан дарыған.

ИНТЕРШУМ:Орындау Елбасы+флешмоб

СНХ: НАТАЛЬЯ ЯКОВЛЕВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫ ӘДЕБИ-ДРАМАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бұл әнді таңдауымыз кездейсоқ емес. «Заречная көшесіндегі көктем»  кинофильміндегі ән-Елбасының сүйікті әні екенін білеміз. Бұл бүгінгі флешмоб Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін біздің мемлекеттімізді сақтап, біртұтас халықты сақтай алған ұлы адамға деген құрмет. Бұл ән арқылы  ұлттар арасындағы достықты тағы бір дәлелдегіміз келді. Өнерде шекара жоқ. Орыс драма театрының ұжымы Елбасының мәдениет пен өнердің сақталуына, Қазақстан халқының игілігі үшін жасалып жатқан барлық бастамаларына зор құрметпен қарайды .

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, НАЗИРА БАЛТАШЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ,БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

 ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
19:58, 27 қаңтар 2022
ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
Толығырақ...
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
19:57, 27 қаңтар 2022
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
Толығырақ...
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
19:56, 27 қаңтар 2022
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...