
ДИКТОР: Елде коронавирус қайтадан өршіп келеді. Кеше республика бойынша COVID-19 індетін жұқтырған 189 адам тіркелген. Өңірдегі жағдай бірқалыпты. Соңғы айда 19 дерек анықталды. Алайда, мамандар дендеген дерттің тағы бір толқыны болуы мүмкін екенін айтады.
РКС: Елде сәуір, мамыр айларында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 3 дерегі тіркелген. Алайда, жаз басталғалы бері бұл көрсеткіш біршама өсті. Сондай-ақ, сала мамандары инфекция жұқтырғандардың көбі коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтпегендер екенін айтады.
СНХ: СЕРІК ОМАРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Маусым айында коронавирус инфекциясын жұқтырған 19 адамның 5-і Көкшетау қаласынан болса, Ақкөл, Бурабай аудандарында 4 жағдайдан тіркелген. Ал Бұланды, Аршалы аймақтарының әрқайсысында инфекция жұқтырудың 3 дерегінен анықталып отыр.
ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»