ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

21:16, 8 қараша 2021

ДК:Жерлесіміз Теміртас Жүсіпов бокстан әлем чемпионы атанды. Осылайша, Ақмола облысындағы ерлер арасында тұңғыш чемпион тіркеліп, тарих жаңартылды. 33 жастағы сайыпқыран Сербияда өткен байрақты бәсекеде 48 келі салмақта алтыннан алқа тақты. Жалпы, есепте ел қоржынында 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль бар. Елге оралған боксшыларды жерлестері ерекше сән-салтанатпен күтіп алды. Олардың сапында әріптесім Абзал Азаматұлы да бар.

ЕСТ.ШУМ:  ӘН+ШАШУ

STAND-UP: АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ТІЛШІ: Нұр-Сұлтан әуежайы. Сағат таңғы 3 жарым. Бұл жердегі қаумалаған халықтың қарасы қалың. Барлығы бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлерін қарсы алуда. Сондай чемпионның бірі, біздің жерлесіміз – Теміртас Жүсіпов. Айталық, Теміртас соңғы 40 күн ішінде 2 бірдей Әлем біріншілігінде топ жарып, ел мерейін асқақтатып, көк туды көкке көтерді.

СНХ: МЫРЗАҒАЛИ АЙТЖАНОВ, БАПКЕР: Екі айдың көлемінде 2 рет Әлем чемпионы болу ол тарихта кемде-кем. Әскерилер арасында әлем чемпионатында топ жарып келіп, шаршадым деп үйде жатпай, мынау біздің жас спортшыларға үлкен үлгі көрсетті. +скл+Әбден тәжірибесі жиналған, шеберлігі мен айла-тәсілі бар. Бұдан бөлек, қаншама жыл төккен терінің жемісін көретін кез келгенін байқадық. Әр жекпе-жектегі мүмкіндікті өте жақсы пайдалана білді.

РКС: Теміртас әккі боксшы. Қазақстанның 5 дүркін чемпионы.Ол осы Әлем чемпионатында 4 кездесу өткізді. Барлығында айқын басымдылықпен жеңді. Алғашқы айналымда алаң иесін тізе бүктірсе, жартылай финалда Беларусь боксшысынан басым түсті. Ал, финалда Тайланд елінің өкіліне еш мүмкіндік бермеді.

ЕСТ.ШУМ: ЖЕҢГЕН СӘТІ

СНХ: ТЕМІРТАС ЖҮСІПОВ, БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ: Психологиялық тұрғыда қиын болды. Себебі, финалда рингке мен бірінші шықтым. Бапкерлердің айтқанын істедім. Қазақстандық жанкүйерлерге көп рахмет. Қолдау көрсетті. Соның арқасында бірінші орын алдым.

РКС: Ел қоржынына тағы бір алтынды Сәкен Бибосынов салды. Ал, Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржанов күміс медальге ие болды. Құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов болса, қола медальді місе тұтты.

СНХ: АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ, БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ: Әлем чемпионатының алдында керемет дайындық өтті. 3 апталық оқу-жаттығу жиындары өтті. Бұдан бөлек, 2 спарингтік кездесулер өткіздік. Біз міне осындай тыңғылықты дайындықпен бардық. Нәтижесінде осындай жетістікке қол жеткіздік.

РКС:Әлем біріншілігінде ел намысын 13 боксшы қорғады. 5 медаль қанжығалаған Қазақстан жалпы командалық есепте 2 орынға жайғасты. Көш басында 3 алтынмен Куба мемлекеті тұр.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...