ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ҚАЗАҚСТАН

20:48, 19 наурыз 2020

 

Жүргізуші: Қазақстанның барлық  бастамалары халықаралық қоғамдастық тарапынан қашанда қолдау тауып келеді. Сарапшылар пікірінше Елбасы Нұрсұлтан Назараевтың тәуелсіздік жылдары көтерген көптеген идеялары уақыт өте шындыққа айналды. Еліміз осылайша Еуропа мен Азия, Батыс пен Шығыс арасында сенімді диалог орнатуға, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін геосаяси орталыққа айналды.

ЗКТ: Қазақстан бейбіт ұстанымы мен сыртқы саясатын алғаш 1992 жылы БҰҰ жария етті. Елбасы онда аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алғаш Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес құруды ұсынды. Әлемнің ең биік мінберінен көтерілген идея жаһан тарапынан қолдау тапты. Қазірде ол Азия аумағының 90 пайызын алып жатқан 18 мемлекетті біріктіретін ұйымға айналды.   

СНХ ӘСЕЛ  НАЗАРБЕТОВА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ 02:26 Ең басты мәселе бұл Қазақстанның антиядролық қозғалысты бастауы. Ядролық қаруға қарсы бастамашыл мемлекет болуы. 08:47 Еуразиялық экономикалық одақ, Түркі кеңесіне байланысты, Азиядағы өзара сенім шаралары және ықпалдастық, Жоғары экономикалық кеңестің, түркітілдес  мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің құрметті төрағасы болып сайланды. Бұл Елбасы Н.Назарбаевтың еңбегінің бағаланғандығы.

ЗКТ: Қазақстан 2010 жылы ОБСЕ ұйымына төрағалық етіп, он жылдық үзілістен кейін оның саммитін өткізуге мұрындық болды. Сонымен қатар Елбасы ТМД, ШЫҰ-ның құрылуына негіз болды, әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының басын қосты, Еуразия интеграциясын нығайтты.   

СНХ ЛЕОНИД СЛУЦКИЙ РФ МЕМЛЕКЕТТІК ДУМАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ Еуразиялық идеяның тарихы Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеу мемлекеттік университетінің аудиториясында оқыған лекциясынан бастау алды.  Сондықтан Еуразиялық  жоба МГУ мен Нұрсұлтан Назарбаев есімімен  тығыз байланысты. Бұл идея шындыққа айналып, Еуразиялық экономикалық одақ болып негізін қалады және оған бес месмлекет-Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения мүше. Назарбаев сол кезде посткеңестік елдерде, нақтырақ айтсақ Еуразия кеңістігінің бір бөлігінде бірыңғай еңбек,капитал, қызметтер мен   жұмыс күшінің нарығын құрудың маңыздылығын көтерді. Бұл идея іске асты.

ЗКТ: Қазақстан 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде жаһандық проблемалардың түйінін тарқатуға үлес қосты. Сириядағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге ықпал етіп, Астана процесі алаңын ашты.

СНХ ЖҰМАБЕК САРАБЕКОВ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ-ЕЛБАСЫ ҚОРЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЭСИ САРАПШЫСЫ 04:08  Әлі күнге шешілмеген мәселелер бар. Бірақ қақтығыстардың ауқымын қысқартуға ең алдымен осы Астана процесінің негізінде жүзеге асырылды. Және ол БҰҰ тапапынан мойындалып отыр. 

ЗКТ: Орталық Азия елдерінің арасындағы ынтымақтастық жаңаша сипат алды. Сарапшылардың пікірінше аймақтағы интеграциялық процестердің ілгері басуына Қазақстанның қосқан үлесі көп. Ал 2019 жылдың басты саяси оқиғасы елдегі тұрақтылықты сақтап, сол арқылы көрші елдермен бірге халықаралық қатынтты одан әрі дамытуға негіз болды. 

СНХ ЕРЛАН МӘДИЕВ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ-ЕЛБАСЫ ҚОРЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЭСИ САРАПШЫСЫ 03:02 Әлемдік державалардың арасындағы текетірестер күннен күнге ушығуда. Міне осындай сыртқы саяси тұрақсыздықтың өршіп жақтан кезінде, әрине, еліміздің тұрақтылығын сақтау өте маңызды. Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ Елбасымыздың осы жүзеге асырған саяси билік транзиті  моделінің рөлі орасан зор десек болады.  

ЗКТ: Қазақстан алдында бұдан да биік мақсаттар қойып отыр. Ал елдің беделін көтеріп, халықаралық байланыстарды одан әрі нығайту Елбасы сеніп тапсырған жаңа буынның абыройлы міндеті.

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИГЕРІЛМЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 502 МЫҢ ГЕКТАРҒА ДЕЙІН ҚЫСҚАРДЫ
19:48, 15 қыркүйек 2020
ИГЕРІЛМЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 502 МЫҢ ГЕКТА...
Толығырақ...
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
19:58, 16 қыркүйек 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...