ШҰҒЫЛ! ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ Толығырақ

ӘЛЕМДІ МЕЙІРІМ ҚҰТҚАРАДЫ

20:01, 20 наурыз 2020

 

ДИКТОР: Вирустан қорғану үшін адамдар бір-бірінен қашық жүруі тиіс – дейді мамандар. Алайда, аталмыш індет кей адамдарды керісінше жақындата бастаған тәрізді. Жақсылық жасауға жаны құмар жастар вирус жұғу қаупі жоғары қариялар мен науқас жандарға қол ұшын созуда. Осылайша, әлемді мейірім құтқаратынын дәлелдемек.

 

ЕСТ ШУМ (Гүлмира қариямен сөйлесіп, маска береді)

Ата, сәлеметсіз бе! У нас акция. Мы помогаем пожилым людям, которые находятся в зоне риска. В связи с коронавирусом. Поэтому мы решили. Это многоразовая маска. Мы сами шьём. Можете взять.

емпіріме алуға болады ма?

-Да, конечно, вот  вашей бабушке тоже.

-Рахмет.

-Қазір киюге болады ма?

-Иә қазір кийсеңіз болады.(одевает маску дедушке)

РКС: Гүлмира Мұқанова – жас кәсіпкер. Өзінің шағын тігін цехын ашқан. Сауда үйлері карантинге жабылған соң пәтерінде тапсырыстар қабылдайды. Елде орын алған төтенше жағдайға байланысты медициналық маска тігуді қолға алыпты. Қашанда жақсылық жасауға талпынып жүретін мейірімді жан бұл жолы да сырт қалмады. Вирус жұқтыру қаупі жоғары деп танылған жандарға көшеде тегін маска таратып жүр. Жалындаған өртке қанатымен су сеуіп жүрген қарлығаш тәрізді.

ЕСТ ШУМ (Гүлмира әжейге маска сыйлайды, әже алғысын айтады)

РКС: #Бізбіргеміз! Бұл – волонтер жастардың бүгінгі ұраны! Емханадан тегін берілетін дәрілердің рецептісін алып, денсаулығына байланысты тіркеуде тұрған науқас жандардың үйлеріне жеткізіп бермек. Осылайша, вирус жұқтыру қаупі жоғары жандардың емханаларға сабылып, көше кезіп жүруіне жол бермеу.

ЕСТ ШУМ (волонтерлер пәтерге дәрі жеткізіп береді, пәтер иесі алғыс білдіреді)

РКС: Мейірім ұмытыла бастаған «салқын» қоғамды қамқорлықпен «жылытып» жүрген жастардың ісіне көңіл толады.

СНХ: ДАНИЯР ДАИРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕР ҚОЗҒАЛЫСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: ///русс/// Еріктілер жылында коронавирус инфекциясына орай жарияланған төтенше жағдайға байланысты #bizbirgemiz акциясы бастау алды. Бүгін және ертең 40 рецепт бойынша  дәрі-дәрмек  жеткізіп беру жоспарланып отыр.

СТЕНДАП, ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, РЕДАКТОР: Мейірім мезгіл талғамайды. Әсіресе, дәл қазіргі қатерлі індеттің ушығып тұрған шағында жүректі жылытып, жақсылық жасауға талпынған абзал. Жасы ұлғайған, денсаулығы төмен сырқат жандардың вирусты жұқтыру қаупі аса жоғары – дейді мамандар.  Сондықтан, қолыңыздан келгенше қолдау танытыңыз! (көшедегі әжейге маска сыйлайды)

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, ВАЛЕРИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ДАРХАН САҒЫН «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
20:35, 27 наурыз 2020
ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
19:22, 26 наурыз 2020
АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
Толығырақ...
 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
17:36, 27 наурыз 2020
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...