ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

ӘЛЕУЕТІ АРТҚАН САЛА

14:04, 14 сәуір 2021

ДК: Қазақстан үшін химия өнеркәсібі жоғары технологиялы сала ретінде дамып келеді. Бүгінде оның өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 4 процентке жетіп отыр. Ал Ақмола облысы бойынша былтыр химиялық өндіріс көлемі 20 миллиард теңгеден асты. Тәуелсіздік жылдарында аталған сала қандай жетістіктерге жетті? Тілші бейнематериалында.

РКС: Химия өнеркәсібінің даму деңгейі 1998 жылмен салыстырғанда бүгінгі күнге дейін 20 есе артты. Алғашқы жылы табыс көлемі – 1 миллион теңгеге жуық қана болса, былтыр оның мөлшері – 20 миллиардтан асып түсті.  Оған заманауи қондырғылардың орнатылуы мен тұтынушы сұранысы ықпал еткен.  

СНХ: АЛЕКСАНДР ЗАГРЕБИН, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма/// Бүгінгі таңда, әсіресе, дезинфекциялық құралдарға сұраныс артып отыр. Тәулігіне 9 мың литр антисептик өндіретін 5 кәсіпорын жұмыс істейді. 2010 жылдан бері химия саласы бойынша 25 миллиард теңгеге 12 жоба іске асырылып, 508 жаңа жұмыс орны құрылды.

РКС: Елімізде ең жоғары өсім – агрохимия саласында. Облыста былтыр 1800 тоннаға жуық  пестицид пен түрлі тыңайтқыш өндірілген. 20 жылдан астам өсімдіктерді қорғауға арналған жоғары сапалы тыңайтқыштарды  өндірумен айналысып келе жатқан "Астана-Нан" серіктестігі аймақта ғана емес, республикаға да кеңінен танымал. Қазақстандағы егіс алқаптарының 25 проценттен астамы дәл осы компанияның өндірген дәрі-дәрмектерімен өңделеді. Батыс мамандарының пікірінше, кәсіпорын Орталық Азия мен Ресейдің Қиыр Шығысына дейінгі аймақтар арасында үздік кәсіпорын саналады. 

СНХ: МҰРАТ СӘРСЕНБАЕВ, «АСТАНА-НАН CHEMICALS»  СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ӨКІЛІ(СТЕПНОГОРСК)///аударма///02:57///Бүгінгі таңда зауытта 34 түрлі агрохимиялық өнім дойындалады. Иглифасад, гербицид, пестицид, фунгициттер сияқты ауыл шаруашылығына қажет химиялық қоспалар өндіріледі.+скл04:10+Технологияны терең меңгеру арқылы алдағы уақытта өнім көлемін арттыруды көздеп отырмыз. Мақсатымызға жетуге бір табан жақын қалдық.

РКС: Бұдан бөлек, былтыр облыс аумағында 165 тонна күкірт қышқылы өндірілді. 1996 жылы оның көлемі, бар болғаны, 8 тонна еді.  Жалпы айтқанда, бүгінгі күні отандық химия өнеркәсібі саласының нарықтағы әлеуеті жоғары. 2025 жылға дейінгі елдің индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес экологиялық және энергия өндірісін арттыру қолға алынып отыр.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ,  АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, ДАНИЯР ҒАББАС, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...