ШҰҒЫЛ! «АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР БОЙЫНША АҚМОЛА ОБЛЫСЫ КӨШ БАСТАП ТҰР

19:08, 17 маусым 2022

ДК: Бүгінгі күні республика бойынша Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық салаларды дамыту бойынша көш бастап тұр. Өнеркәсіп өндірісінің индексі 109% - ды, ауыл шаруашылығы 100% - дан астам және инвестициялық өсім 128% - ға жеткен. Құрылыс саласы 136%, өссе, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 1,5%-ға артты. Ермек Маржықпаев 7-ші шақырылған облыстық мәслихаттың 18-сессиясында облыс дамуының оң динамикасын атап өтті.

РКС: Облыста 8000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 5000 мыңға жуығы тұрақты жұмыс орындары. Соңғы 3 жылда тұрғын үй құрылысы саласында өсім байқалады.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ-АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз жыл сайын жарты миллион шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға береміз, Өткен жылы бұл көрсеткіш 600 мың шаршы метрден асты.  Биылғы мақсатымыз -700 мыңға дейін жеткізу. 5 айдың өзінде 242 шаршы метр, яғни 1603 пәтер Ақмолалықтардың игілігіне берілді.

РКС: Аршалы ауданының 14 елді мекенін газбен қамтамасыз ету бағытындағы 8 жоба аяқталды. Атбасар және Целиноград ауданының 3 елді мекенінде сумен жабдықтау мәселесі шешілді. Алайда, жиында проблемалық мәселелер де тыңдалды.

СНХ: ҒАЛЫМ БЕКМАҒАМБЕТОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ ЭКОНОМИКА, БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Облыстық бюджеттің игеру көрсеткіші төмендегенін атап өтпеуге болмайды. Өңірлер рейтингінде біз 8-ші орынға ие болдық, дегенмен бұл біздің облыс бойынша соңғы 5 жыл ішіндегі ең нашар көрсеткіш. 2015 жылдан бастап игерілмеген қаражаттың рекордтық саны алаңдатады. Есепті кезеңде жұмыс істемейтін бюджеттік теңге 1,7 млрд.теңгені құрады, оның 1 млрд. республикалық бюджет қаражаты.

 

РКС: 31 жоба іске асырылмады. Білім беру саласында - 6, тұрғын үй құрылысында - 4,  сумен жабдықтауда - 7, газбен жабдықтау - 3 және Қопа көлі жағажайының құрылысы – 1 жоба. Отырыста облыстық мәслихат депутаттары проблемалық жағдайларды шешу үшін ұсыныстарын айтты.

 

ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛА БАСТАДЫ
20:20, 1 шілде 2022
ӨҢІРДЕ ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛА БАСТАДЫ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ 160 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
20:19, 1 шілде 2022
БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ 160 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 МЕДИЦИНА САЛАСЫНА 73 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
19:16, 30 маусым 2022
МЕДИЦИНА САЛАСЫНА 73 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
 «АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
19:31, 28 маусым 2022
«АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРА...
Толығырақ...
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ АНЫҚТАЛДЫ
19:32, 28 маусым 2022
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...