ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 400 АДАМ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ӘР ҮЙГЕ ЖЕТКІЗІЛУІ ТИІС

21:55, 23 қараша 2021

ДИКТОР: Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балалары бар жанұяларға мемлекеттен берілетін әлеуметтік көмек үйге дейін жеткізілуі тиіс. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалында өткен қоғамдық кеңес отырысында айтылды. Жиын барысында  партияның «Өзгерістер жолы: Әр адамға лайықты өмір!» атты  сайлауалды бағдарламасының жүзеге асу қарқыны талқыға салынды.

РКС: Кепілді әлеуметтік көмек әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған, 1 мен 6 жас аралығындағы балалары бар отбасыларға беріледі. Оған азық-түлік және гигиеналық заттар кіреді. Азық-түлік жиынтығын дайындау кезінде балалардың физиологиялық ерекшеліктері ескеріледі екен. Азық-түлік айына 1 рет, гигиеналық жиынтық тоқсанына 1 рет беріледі.

СНХ: ДИНА АХМЕТЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бір азық-түлік пакетінің орташа бағасы 6446 теңге болса, гигиеналық пакет 2305 теңгеге шығады. Тасымалдаушылар өтініш беруші көрсеткен мекен-жайға дейін, немесе, жергілікті әкімдікке жеткізуге міндетті. Мемлекеттік әлеуметтік пакетті әлеуметтік қызмет порталы арқылы да алуға болады. Соңғы 3 тоқсанның қорытындысы бойынша,  аталмыш порталға жүгінушілердің саны 98 процентке жетті.

РКС: Биылғы жарты жылдықтың қорытындысы бойынша, қалада 740 балаға әлеуметтік көмек көрсетіліпті. Ал, бірінші қарашаға дейін көрсетілген көмектің жалпы сомасы 38 млн теңгені құраған. Облыстық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өңірдің 3 тасымалдаушыларымен келісім жасасқан. Олар «Дәрібаев», «Көктем» және «Ержанов» жеке кәсіпкерліктері.

СНХ: ҚАСЫМХАН МӘЖІКОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ БУРАБАЙ АУМАҚТЫҚ  ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Бурабай ауданы бойынша азық-түлік пакетін «Дәрібаев» жеке кәсіпкерлігі, гигиеналық жиынтықтарды «Көктем» жеке кәсіпкерлігі жеткізеді. Өткен жылы 4636 ал, осы жылдың 10 айында 2969 көмек көрсетілді. Оның 1218-і 1 мен 3 жас аралығындағы,  902 көмек 3 пен 6 жастағы балаларға көрсетілсе, тағы 849 балаға гигиеналық жиынтықтар үйлестірілді. Азық-түлік пакеттеріне  14 млн 500 мың теңге жұмсалды.  

РКС: Қоғамдық кеңес мүшелерінің мақсаты әлеуметтік көмек алушылардың санын мейлінше азайту. Және бұл бағытта біршама жұмыс атқарылып жатыр,- дейді нұротандықтар.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ДИДАР ӨМІРЗАҚ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ  ӨСЕДІ
17:50, 19 тамыз 2022
МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
19:07, 15 тамыз 2022
ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
Толығырақ...