ШҰҒЫЛ! ЕЛИЗАВЕТА СИНЕЛЬНИКОВА - ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ Толығырақ

ЕЛИЗАВЕТА СИНЕЛЬНИКОВА - ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

17:42, 30 қазан 2019

Көкшетаулық жас спортшы Елизавета Синельникова  джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды. Греция мемлекетінің Крик аралында өткен байрақты бәсекеде жерлесіміз 48 келі салмақта топ жарып, алтыннан алқа тақты. Жеңістің жалауын желбіретіп келген споршы қызды жерлестері қуанышты көңіл-күйде күтіп алды.

Елизавета бұл күні облыс орталығындағы № 2 мектептің  9 сынып оқушысы. Спорттың осы түрімен 5 жылға жуық айналысып келеді. Джиу-джитсудан өткен Қазақстан чемпионатында да қанжығасы сан мәрте майланған. Ол алдымен ел біріншілігінде жеңіске жетіп, әлемдік додаға жолдама алған. Төрткүл дүние көз тіккен жарыста  жерлесіміз ел үмітін ақтады. Әлемнің әр қиырынан келген 500-ге жуық спортшының арасынан өз салмағында үздік танылған.

ЕЛИЗАВЕТА СИНЕЛЬНИКОВА, ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Мен 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түстім. 4 кездесу өткіздім. Барлығын тізе бүктіріп алтын медаль иелендім. Төрт қарсыластың ең қиыны екінші айналымда болғанын айтар едім. Ол Грецияның өз спортшысы болды. Қарсыластың қарқыны қатты болғанымен мен барымды салдым. Жеңіске жеттім. Алдағы уақытта дайындықтарымды үзбей, жарыстарға қатысамын.

Аталмыш чемпионаттың біздің ел үшін өте жемісті болғанын айта кетуіміз керек. 7 салмақ дәрежесінде сынға  түскен споршылардың барлығы жүлделі атанған. Яғни, ел қоржынында 1 қола, 1 күміс және 5 алтын. Бұл тынымсыз дайындық пен төгілген тердің нәтижесінде келген олжа.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

​АЙМАҚАРАЛЫҚ ФОРУМ КӨКШЕТАУДА ӨТЕДІ
19:11, 11 қараша 2019
​АЙМАҚАРАЛЫҚ ФОРУМ КӨКШЕТАУДА ӨТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ БІЛІМ АЛУДЫҢ  САПАСЫ
16:09, 5 қараша 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ БІЛІМ АЛУДЫҢ САПАСЫ
Толығырақ...
 «ТУҒАН ЖЕРІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЭЗИЯ БАЙҚАУЫ
17:20, 7 қараша 2019