ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

«ЕҢ ҮЗДІК 100 СТУДЕНТ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСАТЫН АҚМОЛАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР АНЫҚТАЛДЫ

18:00, 13 қазан 2021

 

ДИКТОР: «Қазақстан Республикасы колледждерінің ең үздік 100 студенті» жобасына қатысатын ақмолалық студенттер анықталды.  Жүзден жүйрік атанған он жас өрен республикалық додада облыс намысын қорғайтын болады.

РКС: «Ең үздік  100 студент» республикалық конкурсы үшінші рет ұйымдастырылып жатыр. Басты мақсаты: талантты жастарды қолдау, жұмысшы және техникалық мамандықтарды насихаттау, кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік студенттерін анықтау. Байқаудың аймақтың кезеңіне өңір колледждерінің 30 студенті қатысқан болатын. Олардың арасынан ең үздік деп танылған 10ы республикалық кезеңге жолдама алды.

СНХР: СӘУЛЕ СЕРАЛИНА – ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІ ТЖКБ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Үздік студенттерді іріктеп алу үшін қатысушыларды білім басқармасы, әдістемелік кабинет, жастар ұйымы, жастар ресурстық орталығы өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалады. Олар байқау ережелеріне сүйене отырып, қатысушылардың білім деңгейіне, қоғамдық өмірдегі белсенділігіне, түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысуларына басты назар аударды. 

РКС:  Республикалық байқауда облыс намысын қорғайтын 10 студенттің бірі Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің 3-курс студенті Дәнекер Әлкенов. «Информатика» мамандығы бойынша білім алып жатқан студент «қоғамдағы әр адамның компьютерлік сауаттылығының артқанын қалаймын»,-дейді. Мақсатына қол жеткізу үшін өткен жылы қатарластарымен бірге колледж қабырғасынан «IT еріктілер» клубын ашыпты.

СНХР: ДӘНЕКЕР ӘЛКЕНОВ – Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Компьютер мен сандық технологияларды меңгергісі келетін барлық адамдарға көмектескіміз келеді. Клубта 15 студент бар. Бір жыл ішінде жүздеген педагог пен қала тұрғындарына, мүмкіндігі шектеулі жандарға білім бердік. Сонымен қатар, колледж кітапханасының электронды нұсқасын жасап шығардық. Оның арқасында студенттер қай жерде жүрсе де, кез келген кітаптың электронды нұсқасын алып, оқи алады. Жалпы, біздің бастамамыздың берері мол деп ойлаймын. Сондықтан, мен 100 үздік студенттер қатарынан көрінуге үміттімін.

РКС: Байқаудың республикалық кезеңі онлайн форматта өтеді. Яғни, кез келген ниет білдіруші қатысушылардың жобаларымен   Naotalap сайтында танысып, ұнатқан студентіне дауыс бере алады.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...