ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ-ЖҮЙЕЛІ ЖОБА

19:04, 28 шілде 2021

ДИКТОР: Көкшетау қалалық жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздық мәселесін шешу мақсатында нақты бағдарламалар жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері 1 мыңға тарта адам еңбекпен қамтылған. Яғни жұмыспен қамту  орталығының көмегіне жүгінген 2038 адамның тең жартысы жұмысқа орналастырылды деген сөз. Бүгінге 716 адам жұмыссыз ретінде есепте тұр.

РКС: «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы – жұмыссыздықпен күрестегі ең жүйелі жоба. Бұл жоба қолға алынғалы өз кәсібін бастағысы келетіндерге таптырмас мүмкіндік болып отыр.  

СНХ: ӘСЕМГҮЛ БЕКБЕРГЕНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: Осы жылы «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде жоспарға сәйкес еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 100 адам жіберу көзделген. Бұл межені  толықтай орындап отырмыз. 60-қа жуық адам курсты аяқтап, оның  55-і жұмысқа орналастырылды.

РКС: «Еңбек» бағдарламасының екінші бағытының шеңберінде «Бастау-Бизнес» жобасы аясында 131 адам  кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін қайтарымсыз 50 грант бөлу көзделіп отыр. Қазіргі таңда 26 адам грантты ұтып алған. Сондай-ақ, бағдарламаның үшінші бағыты да іске қосылған.

СНХ: НҰРГҮЛ ЖАНСЕЙІТОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:Оған сәйкес қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздар, студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары қатыса алады. 16 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылар немесе студенттер ата-аналарының рұқсатын бірге ұсынуы керек. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы 7 ай. Жоспарға сәйкес 280 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 150 студент, 15 мектеп оқушысы, 4 атаулы әлеуметтік көмек алушы, 28-і мүмкіндігі шектеулі жан.   

РСК: Халықты жұмыспен қамту үшін өнеркәсіп саласы, шағын және орта бизнес кәсіпорындарында 1427 жаңа жұмыс орны құрылып отыр. Бұл жылдық жоспардың 56% проценттен астамы.

МАДИНА ҚАДЫРБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...