ШҰҒЫЛ! МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ Толығырақ

«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ИГІЛІГІ

14:27, 25 қараша 2020

ДК: Биыл Балкашино ауылында аудан орталығының тұрғындары үшін әмбебап дүкен ашылды. Ал,  Бірлік ауылында шиномонтаж станциясы іске қосылды. Ауыл тұрғындары «Еңбек» бағдарламасы аясында мемлекеттің зор қолдауына ие болып отырғандарын атап өтті. Сондықтан, жергілікті жеке кәсіпкерлер бизнес-жоспарларын батыл ұсынып, өз кәсіптерін ашуда.

РКС: Әмбебап дүкеннің ашылуы  аудан орталығының тұрғындары үшін зор қуаныш болды. Жаңа маркет, қаланың ірі сауда дүкендерінен кем емес.  Азық-түлік пен тұрмыстық тауарлардың түр-түрі қойылған. Сондай-ақ, сөрелерге жергілікті өнімдерде саудалануда. Жергілікті кәсіпкер Роман Локусов алғашында  дүкен ашып, жергілікті өнімдерді саудалуға сенім білдіріді. Бірінші міндеті – дүкен ашып, сауданы карта арқылу жүргізу болды. Кәіспкердің бұл ойы толығымен жүзеге асырылды. Әлі де жоспарлар көп.

СНХ: РОМАН ЛОКУСОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР//аударма// Бастапқыда мен шағын бөлім аштым. Аз ғана уақыт жұмыс істедім. Одан соң, сол бөлімді кеңейтіп, жұмысты жандандырғым келді. Әрине, оған менің  меншікті қаражатым  жеткіліксіз болды. Мен басқа жұмыстың басқа қырын қарадым. Кейін маған осы бағдарлама туралы айтты. Яғни жергілікті билікке, әкімдікке жүгіну керектігін ескертті. Содан наурыз айында арнайы оқудан өтіп, құжаттарды жинап, 6 процентпен 6 миллион тңге ақша алдым.

РКС: Бұл ақшаға Роман сауда нүктесін кеңейтіп, өнім түрін көбейтті. Сондай-ақ кәсіпкер бөлшектеп және көтерме сауданы жүзеге асырады. Осы көтерме сауданың тағы бір тиімділігі  тұтынушылар облыс орталығына жиі қатынамайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы ерекше  назарға алынған. Мысалы, буы бұрқыраған нан жергілікті наубайханадан сатып алынады. Егер сатып алу бағасы - 90 теңге болса, үстемеақы бар болғаны 5 теңгені құрайды.

РКС: Бұрындары Бірлік ауылының тұрғындары көлік дөңгелектерін ауыстыру үшін 60 шақырымды еңсеруге мәжбүр болатын. Бұл оларға көптеген қолайсыздықтар тудырды. Дәл сол кезде ауылында Ризван өз кәсібін ашу туралы жобасын ұсынды.

СНХ: РИЗВАН ТЕПСАЕВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР/// Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы бойынша өзімнің  шиномонтажымды аштым. 530 мың теңге көлемінде грант алып, өз бизнесімді жандандырдым. Бұл қаражат маған жеткілікті болды. Қазір ақырындап жұмыс істеп жатырмын. Пайдасы да мол.

РКС: Осылайша, Сандықтау ауданында жыл сайын шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артып келеді. Бүгінде халыққа қызмет көрсететін осындай нысандар басты назарға алынған. Болашақта бұл қызмет көрсету орталықтары кеңейіп, жаңа жұмыс орындары ашылатыны сөзсіз.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, АБАЙ КӘКІМБЕК,АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
20:42, 26 ақпан 2021
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
17:30, 23 ақпан 2021
ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
18:24, 24 ақпан 2021
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...